Ауғанстан мен Иран шекарасында ұрыс басталды. Талибан содырлары Иран аумағына қарай жылжып жатыр. Әскерилер қаза тапқаны айтылған.
Бұл туралы ауған журналисі Тажуден Соруш Twitter-де жазды. Ол Талибан жариялаған кадрларды таратқан.
Жарияланған видеода Талибан жетекшілерінің шекаралық аймақтағы ирандық базаға жақындағанын көруге болады.
Ақсақалдар жиһадқа рұқсат берсе, біз жақын арада Иранды жаулап аламыз,
деді басшылардың бірі.
Ауғанстан шекарасында су мәселесіне қатысты жанжал шықты. Гильменд өзені Ауғанстан тауларынан Иранның Систан провинциясына өтіп, үнемі құрғап жататын көлге құяды. Систан провинциясы қазір құрғақшылықпен бетпе-бет келіп отыр, ал Иран тәліптерді өзенге жаңа бөгеттер салып, суды бұрып жіберді деп айыптап отыр.
Тәліп жасақтары тату көршілікті сақтамай Сасоли шекара бекетін атқылай бастаған. Полиция басшысы орынбасарының айтуынша, Иранның оңтүстік-шығысындағы шекара заставасына халықаралық құқық нормаларын мүлде елемей, тәліптер жойқын шабуыл жасаған, бұл Иран шекарашыларының қатаң реакциясына себеп болған.
Ал Ауғанстанның ұлттық қорғаныс министрлігі ашық оқ атқаны үшін Иран күштерін айыптады.
Өкінішке қарай, бүгін тағы да ирандық әскерлер Ауғанстанның Нимроз провинциясының Канг аймағының шекаралық аудандарында оқ жаудырып, ұрыс бастады.
Ислам әмірлігі теріс шаралар мен соғыс себептерін іздеу емес, диалогты кез келген мәселені шешудің ақылға қонымды жолы деп санайды,
делінген Ислам Әмірлігінің хабарламасында.