Қостанай қаласындағы түнгі клубта болған сұмдық жайттың видеосы тарады.
Азғындар-ай…
Кадрлардан жалаңаш қыздардың үстелге шығып, билеп жатқанын көруге болады. Кейін қыздардың бірі ер адамға шешінуге көмектескен. Сонымен қатар кеш жүргізушісінің «Шешініңдер» деп айқайлағаны естіледі.
Оқиғаға куә болғандардың барлығы смартфондарына түсіріп алған.
Түнгі клубқа кеш барысында полиция қызметкерлері келіпті. Кейін оқиғаның барлық қатысушылары мен клуб иесі полиция департаментіне жеткізілген.
Нәтижесінде шешініп билегендерге қатысты «Ұсақ бұзақылық» бабымен әкімшілік іс қозғалса, клуб иесіне құқық бұзушылықтың себебін жою туралы нұсқама беріліпті.
Қазіргі уақытта сот шешімі де шыққан.
Қостанай облысының полиция департаменті кештің барлық қатысушылары әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын хабарлайды. Қостанай қаласы әкімшілік сотының шешімімен қыздар бес тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды. Кеш жүргізушісі 20 АЕК (69 мың теңге) мөлшерінде әкімшілік айыппұл төлейді,
деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.