Сағат 22:00-ден 06:00-ге дейінгі еңбек белсенділігі күннен-күнге сұранысқа ие болып келеді.
2022 жылдың бірінші жартыжылдығында мұндай бос жұмыс орындарының саны өткен жылмен салыстырғанда екі есеге өскен, деп хабарлайды Dauletten.kz порталы.
Қазақстандағы және ТМД-дағы жетекші онлайн жұмыс іздеу платформасы HeadHunter өкілдерінің айтуынша, келесі салалардың компаниялары көбінесе түнде жұмыс істеу үшін мамандарды іздейді:
- бөлшек сауда;
- қонақ үйлер мен мейрамханалар;
- көлік және логистика;
- жұмыс істейтін персонал;
- азық-түлік;
- медицина және фармацевтика.
Бұл үшін негізінен сатушылар, call-орталықтың операторлары, жүргізушілер, мейрамхана және қонақүй қызметкерлері, фармацевтер, күзетшілер, электриктер мен буып-түюшілер қажет.
Түнгі уақытта жұмыс істегені үшін ұсынылатын жалақы 2021 жылмен салыстырғанда орта есеппен 40%-ға өсіп, 233 мың теңгені құрады. Жұмыс берушінің мамандығы мен талаптарына байланысты сыйақы 69 мың теңгеден 550 мың теңгеге дейін өзгеруі мүмкін.
Еңбек кодексіне сәйкес, түнгі ауысым сағат 22.00-ден 06.00-ге дейінгі уақытты қамтиды. Түнгі уақытта атқарылған жұмыстың әрбір сағаты жұмысшының күндізгі ауысымдағы сағаттарынан алуы тиіс төлемінен бір жарым еседен төмен болмауы тиіс.
Қазақстанда заң бойынша кез келген адам түнгі ауысыммен жұмыс істей алмайды. Бұл уақытта жұмыс істеуге тыйым салынған адамдардың қатарында 18 жасқа толмаған балалар, жұмыс берушіге жүктілігі жайлы анықтама берген әйелдер бар. Бұл санаттағы адамдар өз келісімін беріп отырса да заң бойынша оларды жұмысқа алуға болмайды.
Ал мүмкіндігі шектеулі азаматтар түнгі ауысымдағы жұмысқа тек дәрігерлердің ол жұмыстың денсаулыққа зиян келтірмейтіні жайлы көрсеткен анықтамасынан кейін және үміткердің келісімінен кейін ғана жұмысқа шығуға құқығы бар екен.
Сондай-ақ, жеті жасқа дейінгі баласы бар және он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларды асырап отқан әйелдердің жазбаша келісімі арқылы түнгі уақыттағы жұмысқа шыға алады.
Ақшаның соңына түсіп, денсаулықты ұмытпаған жөн. Ұйқының жетіспеушілігінен және түнде белсенді болудан ДНҚ құрылымы бұзылады деген тұжырым бар. Түнгі ауысымдағы жұмыс ДНҚ-ның қышқылдайтын зақымы күшейе түседі, бұл өз кезегінде созылмалы ауруларды асқындырады екен.