Белгілі тарихшы Радик Темірғалиев өзінің телеграм-арнасында Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай «Тегі қазақ емес Топ-10 танымал қазақ» атты жазбасын жариялады.
Ғалымның жұмыр тізімінде тек деректер ғана сөйлейді:
1. Қабанбай батыр (шежіре бойынша Найман тайпасынан, Тоқтарқожа «сарттың» ұрпағы). XVIII ғасырдағы ең танымал қазақ қолбасшыларының бірі.
2. Жаңазар батыр (тегі – жоңғар). XVIII ғасырдағы белгілі қазақ әскери қолбасшысы. Орта жүздегі Төленгіт тайпасының ата-бабаларының бірі.
3. Махамбет Өтемісұлы (ирандықтың немересі). Қазақ дәстүрлі поэзиясының классигі, Исатай Тайманұлының серігі.
4. Шөже Қаржаубайұлы (тегі – қырғыз). Белгілі қазақ ақыны.
5. Ибрагим Жайықпаев (тегі – башқұрт). Ақмола округінің аға сұлтаны.
6. Ақмолла (Мифтахетдин Камаледдинұлы), башқұрт пен татар әйелінің ұлы. Белгілі қазақ ақыны.
7. Халел Ғаббасов (тегі – татар). Алаш Орда халық кеңесінің мүшесі. Әлихан Бөкейхановтың серігі.
8. Ғұмар Қарашев (тегі – ноғай). Жазушы, ақын, публицист. Алаш қозғалысының қатысушысы.
9. Мұхтар Әуезов (тегі – араб). Қазақ әдебиетінің классигі.
10. Ғабит Мүсірепов (тегі – түрікмен). Қазақ әдебиетінің классигі.