Продюсер Алуа Конарова өзінің Facebook парақшасында ресейлік жұлдызға бойкот жариялауға шақырды.
«Қазақстанның мәдени өмірі қыз-қыз қайнап жатыр. Мыңдаған аудиторияны жинайтын тек қана қазақстандық әртістердің қатысуымен көптеген іс-шаралар, опен-эйрлер өткізіліп жатыр. Екі мыңыншы жылдардың ортасында мұндай шаралар тек ресейлік әртістердің қатысуымен ғана өтетін.
Димаштың Алматыдағы концерті барлық рекордтарды жаңартты, абсолютті солд-аут болды.
Ресейлік әртістер бізде әрқашан үлкен гонорар үшін өнер көрсетіп келген. Жарайды, соғысқа қарсы және қолдамайтындарын ашық көрсетіп жүргендерге ештеңе демеймін. Алла Борисовна, Би-2, Шевчук, Борис Гребенщиков, Галкин және т. б.
Бірақ астаналықтар билеттерді сатып алмай, концертке бармай, бұл әртістің келуіне қолдау көрсетпейді деп үміттенемін. Оның ашық ұстанымы бәріміздің есімізде шығар?
Дәндерді қабығынан ажыратуды үйренейікші. Оны кім қалап тұр? Егер шын қалап тұрсаң Spotify арқылы тыңдай бер»,
деді ол.
Пайдаланушылар жазбаның астында өз пікірлерін білдіруге асықты.
«Қазақстаннан басқа оларға өнер көрсететін басқа жер жоқ. Барлығы бізге келіп жатыр. Шамасы, Қазақстан кез-келген адамды тамақтандырады деп ойлайды. Бұрын олар бізге жоғарыдан қарап, ғарыштық бағаларды белгілейтін, ал қазір нарықтық экономикаға сәйкес лимит белгілеп, артық төлемеуіміз керек. Ән айтқысы келсе — келсін, бірақ 2-3 мың теңгеге.
Біз өзіміздің әртістерді бағалауды үйренуіміз керек. Бізде көптеген талантты әртістер бар, бірақ біз оларды қандай да бір себептермен бағаламаймыз, ешқайда кетпейді дейміз. Сондықтан «тәждері» үшін артық төлейміз»,
«Оба кезінде қандай мереке?»,
«Алуа Конарова, азаматтық ұстанымыңыз үшін рахмет!»,
«Дұрыс. Біз өз әртістеріміздің концертіне баруымыз керек. Димаштың концерті керемет болды», — деп жазады олар.
«Тикетон» сайтындағы ақпаратқа сәйкес, билеттердің ең жоғары құны 80 мың теңгені құрайды.
Айта кетейік, Филипп Киркоровтың Астанадағы концерті 5 қарашаға, ал Алматыда 7 қарашаға жоспарланған.