Алматыдағы концертте Филипп Киркоров неге екені, көрермендердің алдына іш киімнің сыртынан киген капрон колготкимен шығып өнер көрсеткен. Бұл ерсі қылығына Қазнет жұртшылығы өре түрегелді, әншіден түсінік беруін талап етті. Өнер майталманының жауабы да ұзақ күттірген жоқ, әнші ақталып, пост жазды.
Филипп Киркоровтың айтуынша, ұжымы оған осындай пранк жасаған.
«В саду эдемовом» әнінде мені шешіндіріп қойды. Дәл осы сәтте мен залға шығуым керек болған. Осылай, күнәхар мені, олар жанкүйерлерімен шығарды. Бұл жолы олар «Жалаңаш патша» картасын ойнады, мені залға барар алдында шортысыз қалдырды,
деп жазды Киркоров өз блогында.
55 жастағы музыкант бұған айдың тұтылуы мен оның адамдарға әсері кінәлі деп тапты:
Жарайды! Әзіл-әзілімен! Шынымды айтсам, мен мұндай әзілдерді ұнатпаймын, бірақ шарасыз күйде қалдым. Бірақ Show Must go on! Командамның бұл ерсі қылығын ұмытпаймын. Жауап дайындаймын! Айдың тұтылуын әркім өзінше атап өтеді,
деп қорытындылады Киркоров.
Айта кету керек, әншінің бұл нөміріне қатысты видеоның астына «Филипп, сауығып кет», «Лолитадан жалға алды», «Бейшара адамдар, олар бұған ақша төлеп барды ғой», — деген пікірлер жазылған.
Осыған дейін жұрт Филипп Киркоровтың концертін болдырмауды талап еткені туралы жазған болатынбыз.