Атақ және ақша

Төреғали Төреәлі полиция қызметкерлерін кешірді

Заң бұзып, басы дауға қалған атышулы әнші Төреғали Төреәлінің адвокаты Тілеужан Кішкенебаев “Менің өмірім” бағдарламасында ел білмейтін деректі бөлісті. 

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Заң өкілі Төреғали Төреәлінің ісінің мән-жайы туралы ашық айтты.

“Төреғалидің ісі бойынша сот оны кінәлі деп тапты. Оған 20, 15, 3 тәулік деген секілді әкімшілік қамақ түрінде жазалар қолданылды. Төреғали ол жазаның бәрін өтеді. Бірақ Төреғалидің құқығы бұзылғаны рас. Ол әу бастан полиция қызметкерлеріне өзінің асығып бара жатқанын түсіндірген. Алайда олар түсінгісі келмей, Төреғалидің көліктен шығуын талап еткен. Сол кезде ол: “Жақсы, мен қорғаушымды шақырайын. Қорғаушым келсін, содан соң оның қатысуымен сұрақтарыңа жауап берейін” деген. Бірақ олар қорғаушыны шақыруға мұрша бермеген. Оны көліктен сүйреп шығарып, жұлқылап, жерге құлатып, қолына кісен салып, тізесімен басын езіп, ауыр қылмыс жасаған адамдай ұстаған.  Қанша жерден тәртіп бұзса да, ол кінәсі дәледенбеген адам. Полиция қызметкерлерінің артық кеткен жерлері көп болды”, – дейді Төреғалидің адвокаты.

Тілеужан Кішкенебаевтың айтуынша, Төреғали Төреәлінің полиция қызметкерлерін жазалауға мүмкіндігі болған. Алайда әнші тәртіп сақшыларына кешірім бере салды.

“Мен осы істе полиция қызметкерлеріне қарсы материал жинап, түсіретін кезде Төреғали: “Бұлардың ата-аналары, туыстары мен бауырлары — менің тыңдарыманым. Бір жолға кешірейін. Оларға тапсырма берілген соң осындай әрекеткен барған болар. Кешірімді болған дұрыс” деп түсіністік танытып, істі тоқтатып қойды”, – деді Тілеужан Кішкенебаев.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

1 неделя ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

3 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

4 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

8 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago