Әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы Фариза Төреәлі оқырмандарынан сүйінші сұрап, ана атанған жария етті.
Ол 9 ай бойы жүктілікті көпшіліктен жасырғанын мойындады, себебі тіл-көзден барынша сақтанған.
Блогер бұл жаңалығын 6 желтоқсанда Instagram парақшасында жариялады:
Сіздермен қуанышпен бөлісіп, сәби дауысын аңсап жүрген әр отбасыға шын жүректен жұғысты болсын дегіміз келеді! Дәл қазір бөпеміздің жанынында аман-есен отырған әр минутымыз үшін шүкір етіп отырмыз,
делінген жазбада.