Белгілі әнші, эстрада жұлдызы Төреғали Төреәлі бостандыққа шыққаннан кейін алғаш рет әлеуметтік желідегі парақшасына жазба жариялады.
Оның жазбасы өлең шумағымен өрілген:
Ер жігіттің жарамас жылағаны,
Ештеңе етпес сүрініп, құлағаны.
Орнында бар оңалар», бәрін қойшы
Праваны айтсайшы, праваны!
делінген әншінің парақшасында.
Желі қолданушылары Төреғалидың жазбасына әртүрлі пікір қалдырған.
- Праваны қойшы, ата-ананың ауырған жүрегі мен абыройды айт.
- Ондай анда-санда боп тұрады.
- Төрешті бәрібір кешіргің кеп тұрады,
- Ер жігіттің басына не келіп, не кетпейді. Ең бастысы аман бол.
- Кәусардай алтының бар. Тоғжандай асылың бар. Толқындай жақұтың бар. Тілеулес қазағың бар,
- Ақ Төреш, бауырым, амансың ба?
- Хэйтірлерге онсызда жамансың да. Қандай жағдай болмасын уайымдама, Әрқашан қолдар қазақ бар қасыңда.