Дархан Сатыбалды Түркістан облысы әкімі болды. Президент осы туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.
Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды Түркістан облысының әкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылсын,
делінген хабарламада.
Дархан Сатыбалды Парламент Сенатының депутаты болған.
2010-2011 жылдары ҚР ҰҚК департаментінің бастығы қызметін атқарды.
2011-2013 жылдары — премьер-министр кеңсесінің әлеуметтік-экономикалық бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды.
2013 жылдан бастап 2 жыл Шымкент қаласының әкімі, ал 2015-2017 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болып істеді.
Жаңа қызметіне дейін 2019 жылы наурызда Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі болып тағайындалған еді.