Түркістан облысының Төле би ауданында толассыз жауған жаңбырдан кейін 25 жер үй мен балабақша ауласын су басты.
7 қарашада сағат 17:30-дан бастап өңірде жаңбыр үздіксіз жауған. Салдарынан Төле би ауданында бір жекеменшік балабақша мен жеке сектордағы 25 ауланы су басқан.
Қазір облыстың құтқару қызметі жедел әрекет етіп, әкімдік жағдайды қадағалып отыр.
Жергілікті атқарушы органдар мен Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері суды шығарып, инертті материалдар салынған қаптар төседі. Қазір 200-ден аса қап төселді. Су жиналып қалуы мүмкін деген жерлерге тағы 300-ге жуық қап төсейміз деп жоспарлап отырмыз,
делінген Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Синоптиктердің хабарына сенсек, өңірде 8 қарашада да нөсер жаңбыр жаумақ.