5 қарашада жасөспірім өзінің үйіндегі мал қорада жіпке асылып, қайтыс болған. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.
Баланың өлімі туралы хабарама түскен соң полицейлер бірден оқиға орнына барып, тексеру жұмысын жүргізді. Сырттай қарау барысында мәйітте зорлық-зомбылық белгілері не болмаса басқа да дене жарақаттары табылмады. Ал өлім себебін анықтау үшін сот-медицина сараптамасы тағайындалды.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 105-бабы «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бойынша тіркеліп, қылмыстық іс қозғалды. Төлебилік тергеушілер жасөспірімнің жақындарынан, мектеп ұжымы мен оқушылардан жауаптар алуда. Мектептегі бейнебақылау камералары мұқият тексерілуде. Қазіргі таңда оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.