19 наурызда Сайрам ауданы 102 пультіне отбасылық жанжал бойынша қоңырау түсті.
Түркістан облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, бұрынғы күйеу баласы жанжалдасып, оқиға кезінде ол пышақпен қызын қорқытып, кепілге алған.
Кейін Шевролет автокөлігімен Батыс Қытай — Батыс Еуропа трассасына өзінің тұрғылықты жері Қызылорда облысына қарай бағыт алып, өлтіремін деп қорқытып алып кеткен. Күдіктінің талабы оны қудаламау мен жауапқа тартпау болды. Кепілге алынған адамды босату мақсатында тез арада жедел штаб құрып, «Арлан» арнайы жасақ күшімен Асар ықшам ауданының маңында күдікті құрықталып, жәбірленуші босатылды,
делінген хабарламада.
Қылмыс кезінде жәбірленуші мойын тұсынан жеңіл дене жарақатын алғаны белгілі болды, ол ауруханаға жеткізілді, онда оған медициналық және психологиялық көмек көрсетілді.
Күдікті жәбірленушімен бұрын некеде болған, 3 баласы бар. Олар 2021 жылдан бастап ажырасқан. Күдікті бұрын екі рет сотталған, лудоманиямен ауырады. Күдікті қамауға алынды.