Түркия мен Сириядағы жойқын жер сілкінісі халықтың басына төнген алғашқы қауіп емес. Адамдарды үйінділер астынан құтқару жұмыстары әлі де жалғасып жатыр, бірақ… Осыншама адамның өмірін қиған зілзалаға ел неге дайын болмай шықты? Үйлер қағаздан жасалғандай қирап қалуына не себеп?
Белгілі блогер Алина Мустафина Түркияда тұрады. Бұл жаңалық ол үшін тек жай ғана трагедия емес, бұл – достары, әріптестері мен туыстарының қайғы-қасіреті. Көрген білгенінін ой түйіп, «өткеннен сабақ алмаған елдің жағдайы осы«, деп жазды ол.
Нақты былай жазылған:
24 жыл
«Түркияның осындай жойқын жер сілкінісіне дайын болуы үшін 24 жыл уақыты болды», дейді блогердің түрік күйеуі.
1999 жылы Ыстамбұлда 7.6 баллдық ауқымды жер сілкінісі болды. Ол кезде Эмрэ студент болатын. Олардың тұратын үйлері қирауға шақ қалған. Ол бірден еріктілер қатарына қосылып, қираған үйлердің астында қалған адамдарды шығаруға көмектесті. Көптеген қала тұрғындарын аман алып шыққан.
әдетте, жер сілкінісінен кейін бір аптадан соң барлық құтқару жұмыстары тоқтатылады
Қирандылар сыртқа шығарылады, қаланы карантинге жауып тастап, әрі қарай ешкімді іздемейді…
Не істеу керек еді?
Осы 24 жыл ішінде барлық ескі ғимараттарды тексерістен өткізу керек еді. Жемқорлыққа жол бермей, жаңа үйлерді заңмен бекітілген дұрыс жолмен салуды қолға алу керек еді.
Қорытынды. Осы жылдар ішінде 20 000 адамның өлімінен кейін мемлекет тек Ыстамбұлдың кейбір жерлерін сылап қойғаны болмаса, елдің шет аумақтарына қолдарын бір сілтеді.
өтірік құрылыс жұмыстары жалғаса берді
Бүгінгі күні ресми қаза тапқандар саны 34 мыңнан асты. Оның қаншасы әлі айтылмады? Қанша адам әлі табылмады? Бұл көрсеткіш әлі еселеп өседі. Тентіреп халық далада қалды. Аман қалғандары шатырларды паналап, қайда барарын білмей қалды. Үйлер тексерістен өткенше, олар пәтерлеріне қайтып баруға қорқып отыр.
Құтқару капсуласы
Жер сілкінісі жиі тіркелетін Жапония мемлекеті халқы үшін жағдай жасаған. Пәтерлер құтқару капсулаларымен жабдықталған. Зілзала кезінде мұндай капсула халықтың өмірін сақтап қалады.
Елде жойқын апаттардан қаза тапқандардың санын азайту үшін үнемі түрлі шаралар қабылданып отырады. Халықты жер сілкінісі кезінде өзін қалай ұстау керектігіне және қирандының астынан қалай құтқару керектігіне әрдайым үйретіп отырады. Ең бастысы салынған үйлер жоғары магнитудалы жер сілкінісіне төтеп бере алады.
Жақында Жапонияның инженер-архитекторлары жер қозғалғанда аспанға көтерілетін үйдің конструкциясын жасап шығыпты. Үйдің іргетасына сенсорлық құрылғылар қойылған. Бұл құрылғылар жер қозғалған уақытта толқындардың жиілігін фиксациялап, жоғары жүйелерге сигналдар жіберіп, жердің қозғалып жатқанынан хабардар етеді. Дәл осы сәтте сигналдардың жиілігін қабылдаған қуатты компрессорлар ғимарат пен фундамент арасындағы жаймаға (подушка) үлкен күшпен ауа жібереді. Бұл процесс небәрі 5-7 секундтың ішінде ғана іске асады. Себебі, ғимарат қирап қалмау үшін процестің орындалуын мамандар осылай тез жетілдіріп, қамтамасыз еткен.
Қуатты компрессормен үрленген жастықша немесе жайма 5-7 секундтың ішінде ғимаратты 4-5 см жоғары көтереді. Осының өзі ғимаратты қиратпай, адамдардың өмірін сақтап қалуға толық жеткілікті болады. Жастықшалар ауаны жеткілікті көлемде қабылдап, ғимаратты жер сілкінісі тоқтағанша ауада көтеріп тұрады. Жастықшамен бірге ғимараттың өзі де жердің тербеліс амплитудасымен бірге ауада қозғалып тұра береді. Бұл ғылыми өнертабыс ғимараттарды 7-9 балдық жер сілкіністерінен де қорғап қала алады.
Ал біздегі жағдай қандай? Алматының үйлері мен салынып жатқан құрылыс нысандары қаншалықты дайын? Оны өздеріңіз ойлап көріңіздер…