Түркия сириялық күрдтерге соққы жасады

Түркия әскери-әуе күштері 20 қарашада Сирия мен Ирактың солтүстігіндегі күрдтер шоғырланған аудандарға «Алмас қылыш» операциясы аясында әуе шабуылдарын жасады.

Соққылардың мақсаты Анкара мойындаған Күрдістанның террористік жұмысшы партиясын (ПКК), сондай-ақ, түрік билігі сириялық күрдтердің халықтық өзін-өзі қорғау отрядтарын бейтараптандыру болды. Бұл туралы Түркия Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Twitter-де түрік әскери департаменті 14 қарашада Стамбұлда болған шабуылға сілтеме жасай отырып, «есеп айырысу уақыты жетті» және «қаскөйлер опасыздық жасағаны үшін жауапқа тартылады» деп жазды.

Әуе шабуылдары Сирияның Айн-эль-Араб (Кобани), Тель-Рифат, Манбидж, Абу-Расин, Айн-Дигна қалаларында болды. Күрдтер басып алған Менаг әуе базасы, Эль-Маликия, Тель-Абяда, Марааназ, Айн Исса батыс аймақтары да соққы астында қалды.

Түркия Сирия мен Ирактың солтүстігінде күрдтер шоғырланған аудандарға  әуеден соққы жасағаннан кейін Сирия мен Германияның Гамбург қаласында өмір сүріп жатқан күрдтер ереуілге шықты. Түркия әскері өткізген әуе операциясы кезінде қару-жарақ қоймасы секілді әр түрлі 89 нысанның көзі жойылды. Одан бөлек Сирияда 30-дан астам адам қаза болған. Арасында күрд жасақтары, Сирия әскерлері мен қарапайым тұрғындар бар. Тағы ондаған адам жарақат алды. Естеріңізде болса, Түркия билігі бұған дейін қарашаның 13-і күні Ыстамбұлдағы терактіге «Күрдістанның жұмыс партиясының» тікелей қатысы бар деп мәлімдеген еді.

Түрік әскери күштерінің мәліметтері бойынша, операцияға 50-ден астам истребительдер мен 20 ереуіл дрондары қатысты. Бұл — Түркия әскери-әуе күштері үшін осындай ірі акциялардың бірі.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago