Бұған елдегі өмір сүру деңгейінің күрт төмендеуі әсер етті. Елдегі жылдық инфляция көрсеткіші 78,6% — ға дейін өскен. Ал азық-түлік екі есе қымбаттаған.
Елін тастап шет елге көшкен дәрігерлер саны күн санап артуда. Түрік медициналық қауымдастығының мәліметтері бойынша, былтыр елден 1400-ден астам маман кетсе, өткен айда 229-ы көшкен, деп хабарлайды Euronews
Анестезиолог Тахсин Чинар Стамбулдағы мемлекеттік ауруханада жұмыс істейді. Алайда ол заңгерлікке ауысуды жоспарлап отыр.
Дәрігерлердің төрттен бірі шет елдерін үйренуде. Олардың көпшілігі неміс тілін оқиды. Келісімшарт уақыты аяқталса болды, Германияға көшіп, жұмыс ортасын ауыстыруға дайын. Әрине, білікті мамандарды жоғалту-еңбек ресурсының төмендеуіне әкелетіні белгілі. Шындығында біздің мамандығымыз бұл жерде бағаланбайды
дейді ол.
Таяуда Түркия үкіметі бюджет қызметкерлерінің жалақысын 40% — ға көтерді. Алайда бұндай шешім өмір сүру деңгейінің өсу проблемасын шеше алмайды.
Экономист Энес Өзкан мықты кадрлардың кетуі тым жоғары инфляциямен тікелей байланысты деген пікірде.
Ең алдымен инфляцияның себептерін анықтау керек. Шын мәнінде, Түркияның нашар экономикалық моделі инфляцияны тудырады,
дейді ол.
Ресми деректер бойынша, маусым айында Түркияда инфляцияның жылдық көрсеткіші 78,6% — ға дейін өсті. Ал азық-түлік пен алкоголь тауарларының бағасы екі есе қымбаттады. Бірақ сарапшылардың пікірінше, нақты көрсеткіш 176% болуы мүмкін.