Түркияда классикалық домбыра музыкасының негізін қалаушы Тәттімбет Қазанғапұлына ескерткіш ашылды.
XIX ғасырдың көрнекті қазақ композиторы және Шертпе күйдің атасы Тәттімбет бабамыздың еңселі ескерткіші Анкарада бой көтерді.
Осы жоспардың бастамасы ретінде Дүйсен Қорабайұлы ескерткіш жанындағы түрік мектебіне символикалық тұрғыда домбыра сыйға тартты.
