Түркиядағы Хатайдың Арсуз ауданында 5,1 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Anadolu агенттігі.
Апаттар мен төтенше жағдайларды басқару (AFAD) ақпаратына сәйкес, эпицентрі Жерорта теңізінде орналасқан 5,1 балдық жер сілкінісі болды.
Арзуздан 6 шақырым қашықтықта болған жер сілкінісі 9,26 шақырым тереңдікте тіркелген.
Хатайдың губернаторы Рахми Доған Anadolu агенттігінің (AA) тілшісіне олар жер сілкінісінен кейін қандай да бір жағымсыз оқиғалар, соның ішінде ғимараттардың зақымдануы туралы ешқандай хабарлама алмағанын айтты.
6 ақпанда Түркияда болған жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 38 мыңнан асып кетті. Түркияда 3 қазақстандық қаза тапты.
Айта кетейік, Қазақстан Түркияға тағы 55 тонна гуманитарлық көмек жіберді. ҚР Үкіметі апат болған алғашы күні-ақ Түркия Республикасына қосымша гуманитарлық көмек жөнелткен болатын.