Түркияда түнде болған екі жер сілкінісінен зардап шеккендер саны 294-ке жетті.
Түркияның Ішкі істер министрі Сүлейман Солудың хабарлауынша, Хатайда тағы жер сілкінісі болды.
Жер сілкінісінен 3 адам қаза тауып, 294 адам жарақат алды. Олардың 18-інің жағдайы ауыр.
Дүйсенбіде Түркияның Төтенше жағдайлар басқармасы елдің оңтүстік-шығысында 17 минуттық айырмашылықпен болған 6,4 және 5,8 баллдық екі жер сілкінісі туралы хабарлады. Жерасты дүмпулері Египетте, Израильде, Кипрде, Ливанда және Сирияда сезілді.