Түркия Республикасының Жоғары сайлау кеңесі Президент сайлауының 2-кезеңінің қорытындысын жария етті. Сайлау туралы Анадолы агенттігі хабарлады.
Сайлау жәшіктеріндегі бюллетеньдер саналды. Нәтижесінде, Реджеп Тайып Ердоған сайлаушылардың 52,14 процент дауысына ие болып, жеңімпаз атанды. Енді Ердоған Түркия Республикасын 2028 жылға дейін басқарады.
Айта кетсек, сайлаудың бірінші турында 69 жастағы Ердоған дауыс бергендердің 49,5 пайызының қолдауына ие болса, 74 жастағы Киличдароғлы 44,9 пайыз дауыс жинаған болатын. Ашық ұлтшыл көзқарастардың кандидаты Синан Оган 5% дауыспен үшінші болды.
Режеп Тайып Ердоған Түркияны 2003 жылдан бері басқарып келеді. 2014 жылға дейін премьер-министр қызметін атқарды, енді ол үшінші рет қатарынан ел президенті болып сайланды.