6 ақпан күні Түркияда болған жойқын жер сілкінісінен кейін түркиялық үш волейболшы, сондай-ақ, Солтүстік Кипрдің тұтастай бір волейбол командасы қаза тапты. Бұл туралы Fanatik агенттігі хабарлады.
Адыяман қаласындағы үйінділер астынан 16 кипрлік волейболшы табылды.
Бұл туралы Түрік волейбол федерациясы хабарлаған. Сондай-ақ Adıyaman Gençlerbirliği және Малатья BBSK командаларының ойыншылары Гамзе Наз Чучук, Эмине Арслан және Эминкан Коджабаштың жойқын жер сілкінісі салдарынан көз жұмғаны анықталды.
Осыған байланысты федерация марқұмдардың отбасына көңіл айтқан.