Түркияның оңтүстік-шығысындағы Газиантеп аймағында магнитудасы – 6,4-6,6, сәлден кейін магнитудасы 7,4 қуатты жер сілкінісі болды. Алапат жер сілкінісі салдарынан 31 адам қаза тауып, 420- жарақат алды және 140 ғимарат қираған, деп хабарлайды Анадолы агенттігі.



7,4 баллдық жер сілкінісі Кахраманмарашдағы Пазарджик ауданында 7 шақырым тереңдікте болған. Жерасты дүмпуі Адана, Анкара, Анталья, Газиантеп, Кайсери, Мерсин, Трабзон, Урфада да сезілді.
Түркияның төтенше апаттар жөніндегі мекемесі зілзаладан үрейленіп, далада қалған тұрғындарға шұғыл көмек көрсетуге кірісті.
Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған Twitter-де жер сілкінісінен зардап шеккендерді даурықпауға шақырып, қиындықты ел болып еңсеретінін айтып, жазба жариялады.
Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат толықтырылуда.