Түркияда алапат жер сілкінісі болды

Түркияның оңтүстік-шығысындағы Газиантеп аймағында магнитудасы – 6,4-6,6, сәлден кейін магнитудасы 7,4 қуатты жер сілкінісі болды. Алапат жер сілкінісі салдарынан 31 адам қаза тауып, 420- жарақат алды және 140 ғимарат қираған, деп хабарлайды Анадолы агенттігі.

7,4 баллдық жер сілкінісі Кахраманмарашдағы Пазарджик ауданында 7 шақырым тереңдікте болған.  Жерасты дүмпуі Адана, Анкара, Анталья, Газиантеп, Кайсери, Мерсин, Трабзон, Урфада да сезілді.

Түркияның төтенше апаттар жөніндегі мекемесі зілзаладан үрейленіп, далада қалған тұрғындарға шұғыл көмек көрсетуге кірісті.

Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған Twitter-де жер сілкінісінен зардап шеккендерді даурықпауға шақырып, қиындықты ел болып еңсеретінін айтып, жазба жариялады.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат толықтырылуда.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago