Түркияда жер сілкінісі кезінде қаза тапқандар саны 14 014-ке, жараланғандар саны 63 794-ке жетті, деп хабарлайды РИА Новостиге сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта қаза тапқандар саны — 14 014, жараланғандар саны 63 794-ке дейін жетті,
деді Түркия басшысы Газиантеп провинциясында сөйлеген сөзінде.
Бұған дейін 13 мың адам қаза тауып, 63 мыңға жуық адам зардап шеккені белгілі болған.
6 ақпан күні таңертең Түркияның Кахраманмараш провинциясында 7,7 баллдық жер сілкінісі болды. Президент Режеп Тайып Ердоғанның айтуынша, бұл — 1939 жылдан бергі ең жойқын апат.