2022 жылғы қарашада Ақтөбедегі Алматы ауданының экс-әкімі Абат Көбенов ірі алаяқтық жасағаны үшін үш жылға сотталған болатын.
Алайда бүгін, 2023 жылғы 6 қаңтарда оның бас бостандығынан айыр жазасы айыппұлмен алмастырылғаны белгілі болды. Соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, оның адвокаты аппеляция шағымын беріп, жазасын жеңілдетуді сұраған.
Апелляция сотында ол жазаны жеңілдетуді және жәбірленушіге келтірілген залалды өтегенін, денсаулық жағдайын, сондай-ақ, үш бала тәрбиелеп отырғанын, қарт анасы барын ескеруді сұрады. Сот материалдарды, прокурордың қорытындысын қарап, жеңілдететін жағдайларды ескеріп, ұрланған мүліктің он есе мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындады. Сонымен қатар, ол өмір бойы мемлекеттік органдарда қызмет атқару құқығынан айырылды», — делінген соттың баспасөз хабарламасында.
Осылайша, экс-әкім енді үш жыл түрмеде отырудың орнына 13 миллион 839 мың теңге көлемінде айыппұл төлейді.
Айта кетейік, сот ісі материалдарына сәйкес, Көбенов 2020 жылы танысына жер телімін уәде етіп, 1,4 миллион теңгеге жуық ақша алған. Енді ол осы соманың он еселенген айыппұлын төлейді, бірақ босатылады.
Сонымен бірге оған өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынады.