Тұрмыстық зорлық-зомбылық істері полицияға арыз түспесе де қозғалады. Бұл жөнінде ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің басшысы Руслан Қаржаспеков мәлімдеді.
1 шілдеден бастап полиция тұрмыстық құқық бұзушылықтарды тіркеудің анықтау сипатына көшеді. Жаңа түзетулер жәбірленушілердің өтінішінсіз әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға мүмкіндік береді. Тұрмыстық зорлық-зомбылық жасау дерегі бойынша хаттама толтыру үшін куәгерлердің, көршілердің айғақтары, бейнебақылау камераларының жазбалары жеткілікті болады. Соңғы шешімді сот шығарады. Тараптардың татуласу мүмкіндігі жоққа шығарылады,
деді Қаржаспеков Ішкі істер министрлігінде өткен брифингте.
Оның айтуынша, қазір тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша істер тараптардың татуласуына байланысты сотта тоқтатылады. Жыл басынан бері 5 мың іс осылай тоқтатылған.
Қазақстанда ресми статистика бойынша, жыл сайын тұрмыстық зорлық-зомбылықтан 400 әйел қайтыс болады. Бұл дегеніміз әр 10 күнде 11 әйел зорлық-зомбылықтан көз жұмады деген сөз.