Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев інісі Болат Назарбаевтың мезгілсіз қайтыс болуына байланысты үндеу жариялады. Ол қайғысын бөлісіп, қолдау білдірген барлық жанға алғысын айтты. Көптің қолдауы оған осындай ауыр сәтте күш-қуат бергенін жеткізді.
Жақын адамнан айырылу орны толмас қасірет. Ол ұзақ жылдар бойы ауырды, бірақ бізге ешқашан қиналғанын білдіртпеді.
Соңғы күндері бірқатар елдің басшыларынан көңіл айту жеделхаттарын алып жатырмын. Сондай-ақ, маған еліміздің саяси және қоғам қайраткерлерінен, депуттатар мен дипломаттардан, діни қызметкерлер мен бизнес қоғамдастық өкілдерінен, сондай-ақ көптеген қазақстандықтардан хаттар келіп түсті. Шынайы ниеттеріңізге көп рахмет,
делінген үндеуде.