Тұңғыш Президент туралы заң жыл соңына дейін жойылады. Бұл туралы мәжіліс депутаты Ерлан Саиров мәлімдеді.
Қазіргі уақытта тиісті жұмыс жүргізіліп жатыр. Жыл соңына дейін «Тұңғыш Президент — Елбасы туралы» заңның заңды күшін жою мәселесі жалпы отырыста дауысқа салынады,
деді Саиров.
Бұған дейін Әділет министрі «Елбасы туралы» заң конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша референдум өткеннен кейін тоқтатылатынын айтқан болатын.
Қанат Мусин Қылмыстық кодексте мемлекет басшысының ар-намысы мен қадiр-қасиетiне қол сұққаны үшiн жауапкершiлiктi көздейтiн барлық президенттерге ортақ бап қана қалатынын нақтылады.