Дүниежүзілік банк Тәжікстанға білім сапасын арттыру, кедей отбасыларды қолдау үшін шамамен 88 млн доллар бөледі.
Тәжікстан қаржы министрлігінің хабарлауынша, министр Файзиддин Каххорзода мен Дүниежүзілік банктің Душанбедегі тұрақты өкілі Озан Севимли 3 маусымда екі келісімге қол қойды.
Құны 50 млн доллар тұратын бірінші жобаның мақсаты — шалғайдағы орта мектептердегі білім сапасын жақсарту. Жоба биыл басталып, 2029 жылы аяқталады.
Құны 37,5 млн доллар тұратын екінші жоба кедейлерге қолдау көрсетуді көздейді.
Дүниежүзілік банк бұған дейін де Тәжікстандағы кедейлерге көмектесу үшін миллиондаған доллар бөлген.