Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
Қазақстанда IT қызметінің көлемі тұрақты өсіп келеді
26.09.2023
Хиджабқа жол берсек, Ауғанстаннан нашар ел боламыз – жазушы
26.09.2023
Атырау әкімдігінің бұрынғы басшылары ұсталды
26.09.2023
Қазақстандықтар құжат аларда саусақ ізін тапсырады
26.09.2023
Шымкентте анасы мен қызы қылмыс үстінде ұсталды
25.09.2023
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Руханият > Тарих > Таңбалы тастар жойылудың алдында тұр
РуханиятТарих

Таңбалы тастар жойылудың алдында тұр

Арман Ерғалиев
Арман Ерғалиев 20.07.2023
Обновлено 20.07.2023 в 03:07
Поделиться
Поделиться

Қазақстанның ежелгі тарихы бейнеленген таңбалы тастағы суреттер жойылып бара жатыр. Осылай деп «Петроглиф аңшылары» қозғалысының белсенділері дабыл қағуда.

Қатпарлы тарихты қызғыштай қорғаған еріктілердің сөзінше, жақын жылдары таңбалы тастағы 25 пайыз сурет жойылып кетуі мүмкін.

Алматыда Қазақстанның мәдени және тарихи мұраларын сақтау мәселелерін арқау еткен «Шедеврдің өмірі мен өлімі» атты арт-перфоманс өтті. Алматылық суретші Санжар Жұбанов Арқарлыдағы түркі сахнасының тасқа салынған үзінді көшірмесін ұсынды.

Бұл таңбалы тастағы суреттерді 2021 жылы Əлкей Марғұлан атындағы Археология институтының қызметкерлері Арқарлы археологиялық кешенін куəландыруға арналған халықтық археологиялық экспедиция кезінде тапқан. Экспедицияны танымал археолог А.А. Горячев бастап шықты.

Петроглиф іздеушілер тастарды комбайнмен жартастан ойып алып жатқан кезде көрген. Тасты жоғары көтеру үшін танымал қазақстандық петроглиф іздеушісі Ерлан Жағыпаров бастаған арнайы құтқару тобы жұмыс істеді. Айта кетейік, Ерлан Жағыпаров 2022 жылғы «Қаңтар оқиғасында» қаза тапты.

Еріктілер қауымдастығының үйлестірушісі Ольга Гумированың сөзінше, Қазақстандағы таңбалы тастар мәселесі қазіргі күнде өте өзекті.

«Петроглифтер мұрасы жағынан Қазақстанға тең келер ел жоқ деуге де болады. Петроглиф өнері қола және темір дәуірлерінде өркендеді, бұл дәстүр XIX ғасырға дейін өмір сүрді. Көптеген нысан әлі күнге дейін толық зерттелген жоқ, алайда, Ерлан Жағыпаровты еске алуға арналған халықтық археологиялық экспедиция куəландырып жатқан Ордақұлды «əлемдегі ең үлкен шоғыр» деп атауға болады. Ғалымдардың алдын ала есептеуі бойынша, тек қана Жетісу аумағында 90 мыңға жуық петроглиф бар, Талдықорғанның айналасында да көп. Соның ішінде тек 10 мыңы ғана Тамғалы-тас қорығында қорғауға алынған, Алтын-Емел ұлттық паркінде де аздаған бөлігі қорғалып тұр. Басқа петроглифтер жолы нашар әрі алыста орналасқандықтан ғана бүлінбей бүгінге дейін жетіп отыр. Бірақ бұл да көмектеседі дей алмаймыз, өйткені, Аққайнар киелі орнының орталық бөлігін әскерге шақырылған солдаттар мен жергілікті бақташылар бүлдіріп тастаған еді», — дейді Ольга.

Өкінішке орай, бұндай жағдай басқа да петроглифтер орналасқан мекендерде болып жатыр. Кейде таңбалы тастар құрылыс материалына да айналып кетеді.

«Жақында Орталық Азиядағы ең ірі петроглифтер шоғырланған Арқарлы тауына шықтым. Мыңдаған жыл бойы біздің ата-бабамыз сол жақта Құдайға сыйынып, діни дәстүрлерді атап өткен, жастарды сонда әкеліп отырған. Алайда қазіргі таңда Арқарлының жүрегі толықтай талқандалды деуге болады. Баға жетпес петроглифтер ұсақ тастарға айналды. Мен тарихи жәдігерлердің бұндай аянышты хәлін көргенде есеңгіреп қалдым. Жүрегімдегі жараны көрерменге перфоманс арқылы жеткізуге тырыстым», — дейді суретші Санжар Жұбанов.

Мыңдаған жыл бұрын ата-бабамыз салып кеткен туындыларды ұрпақтары әп сәтте жоқ қылуда.

«Мәдени мұраны сақтау үшін арнайы қорғалған аумақтар – археопарктер, ұлттық парктер, мемлекеттік және жеке қорықтар құрылу керек деп санаймыз. Ол үшін археологтар мен біздің деректер бойынша 5 есе көп шоғырлардың құжатын жасау керек. Археологтардың қажетті экспедициялар жасап, құжаттарын рәсімдеуге қаражаттары жоқ. Петроглифтер туристерді қызықтыратын мықты фактор болар еді, өйткені, таңбалы тастарда Қазақстан халқының, одан бұрын түрік дәстүрінің өткен өмірі жатыр. Алайда таяуда Қазақстандағы таңбалы тас өнерінің 25 пайызын қалпына келмейтіндей дәрежеде жоғалтып алуымыз мүмкін», — дейді Ольга Гумирова.

«Петроглиф аңшылары» қоғамдық қоры заңнамаға өзгеріс енгізілсе екен дейді. Заңда тарихи мұраларды қорғауға алып, есепке тұрғызу мәселелері жеңілдетілгенін қалайды.

Журналист, саяхатшы, альпинист Юрий Дороховтың да петроглифтер туралы айтары бар.

«Израильдегі Иерусалимде орналасқан «Көз жасы қабырғасы» «Құдайдың бар екенін сездіретін соңғы мекен» делінеді. Діндар немесе мистикалық адам емеспін, алайда, сол жерде болған кезімде әлдебір сезімді бастан кештім. Қазақстандағы петроглифтер шоғырында да сондай бір ұлы, жоғары сезімді бүкіл жан-тәніммен сезінемін. Алғаш рет «Таңбалыда» болған кезімде, кейін «Петроглиф аңшыларымен» бірге Арқарлы, Аққайнар, Ордакөл, Алабасы жерлерінде сезіндім. Тастарда Құдайлар, әулие-әмбие, күнделікті тұрмыс қола дәуірінен бастап бейнеленген. Еуропада 3-5 петроглифке бола туристер топ-тобымен тауға шығады. Ал бізде мыңдаған сурет бар. Менің ойымша, Қазақстанда «Петроглифтер елі» деген брендке ие болатындай мүмкіндік бар. Олардың көзін жойып тастамаса, әрине. Саусақпен санарлық қана ескерткіштер қорғауға алынған. Көбі қорғалмаған, тіпті, толық зерттелмеген. Экспедиция жасауға археологтардың ақшасы жоқ. Вандалдар оларды бүлдіріп жатыр, ал кейбіреулер оларды үйлеріне алып кетіп, сатуда. Арқарлыда петроглифтер жазылған тастар үгіндіге айналғанын бәріміз көрдік. Олар қаншалықты көп болса да, мыңдаған жыл бойы сақталып келген жәдігерлерді құрту қиын емес. Қазақстан тарихы, әлемдік тарихта ойып тұрып орын алған тайпалар тарихы жойылып кетіп жатыр. Қоғам бұл мәселеге көңіл аудармайынша, ештеңе де өзгермейді», — деп түйіндеді сөзін Юрий Дорохов.

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова

Сурет: Сергей Алексеёнок

ТЕГи: Қазақстан, Руханият
Арман Ерғалиев 20.07.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • Қазақстанда IT қызметінің көлемі тұрақты өсіп келеді
  • Хиджабқа жол берсек, Ауғанстаннан нашар ел боламыз – жазушы
  • Атырау әкімдігінің бұрынғы басшылары ұсталды
  • Қазақстандықтар құжат аларда саусақ ізін тапсырады
  • Шымкентте анасы мен қызы қылмыс үстінде ұсталды

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

Экономика

Қазақстанда IT қызметінің көлемі тұрақты өсіп келеді

26.09.2023
РуханиятДін

Хиджабқа жол берсек, Ауғанстаннан нашар ел боламыз – жазушы

26.09.2023
ЖемқорлықОқиға

Атырау әкімдігінің бұрынғы басшылары ұсталды

26.09.2023
Қоғам

Қазақстандықтар құжат аларда саусақ ізін тапсырады

26.09.2023

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?