Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
Алматы облысында үш судья жемқорлықпен ұсталды
04.12.2023
Мәжілісмен БҰҰ сайтында Бишімбаевтың ісі туралы мақала жарияланғанын айтты
04.12.2023
18 жылдан бері із-түзсіз кеткен әйел интим қызмет көрсететін притоннан табылды
04.12.2023
2023 жыл адамзат тарихындағы ең ыстық жыл болды
04.12.2023
«Ескірген үйін жөндеп, мүгедек ата-анасын асыраған: Хостелде мерт болғандар
04.12.2023
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Қоғам > Таңдаған жігітің тиран емес пе: оның 7 белгісі бар
Қоғам

Таңдаған жігітің тиран емес пе: оның 7 белгісі бар

Анара Бауыржанқызы
Анара Бауыржанқызы 10.11.2023
Обновлено 10.11.2023 в 04:11
Поделиться
Поделиться

Үй тиранын қарым-қатынастың басында тану оңай емес. Әдетте олар қыздың жүрегін жаулап алу үшін бар ықыласын салады. Ал бақыттан басы айналып жүрген қыз алдында кім тұрғанын тани алмай жатады, ал таныған кезде тым кеш болуы мүмкін.

Сондықтан қыз-жігіт болып жүрген уақытта неге мән беру керек? Жігіт тарапынан қандай әрекеттер күмән тудыруы тиіс? Осы мақалада айтамыз.

Бақылау және қызғаныш

Үй тиранының басты белгілерінің бірі – қыздың бүкіл өмірін бақылауға деген құштарлығы. Егер серігің үнемі сенің қай жерде жүргеніңді сұрап біліп отырса, телефоныңды, әлеуметтік желілеріңді тексерсе немесе сенің басқа адамдармен сөйлесуіңді шектесе – болашақта проблемалар туындайтыны анық.

Кемсіту және қорлау

Тиран белгілері бар ер адам қызды өз бақылауында ұстау үшін кемсіту, қорлау немесе сарказмды жиі пайдаланады. Егер таңдап алған адамың сені жиі қорласа немесе сыртқы келбетіңді, ақыл-ой қабілетіңді немесе пікіріңді сынаса, демек бұл дабыл қағатын белгі.

Жақын адамдарыңа жолатпайды

Үй тиранының тағы бір белгісі — оның сені жақын достарың мен отбасыңнан оқшаулауға тырысуы. Бұл оған сені оңай басқаруға мүмкіндік береді және сырттан қолдау табу мүмкіндігін азайтады.

Манипуляция және бопсалау

Тиран өз мақсаттарына жету үшін манипуляция мен бопсалауды жиі қолданады. Ол өз дегенін істету үшін саған қымбат сый уәде етуі мүмкін немесе жазалаймын деп қорқытуы мүмкін.

Эмоциясы жиі ауысады

Тиран өзінің мінез-құлқы мен эмоциясын тез өзгертеді. Ол бір сәтте мейірімді және қамқор бола алады, ал бір сәтте ашуланшақ және агрессивті болуы мүмкін. Бұл жәбірленушінің бойында сенімсіздік пен қорқыныш сезімін тудырады.

Шекараның бұзылуы

Үй тираны сенің шекараң мен жеке кеңістігіңді құрметтемейді.

Кінәлі сезіндіріп қою

Уытты серіктес сені басқару үшін кінәлауды жиі пайдаланады. Ол сені өз ойың немесе әрекетің үшін өзіңді кінәлі сезіндіріп қояды.

Тиранды қарым-қатынастың алғашқы кезеңдерінде тану өте маңызды. Егер сен ескерту дабылын байқасаң немесе бірдеңе дұрыс емес екенін сезсең, сезімдеріңді елемей қойма. Таңдаған жігітің мен қауіпсіздігіңе қатысты күмән туындаса, жақын адамдарыңнан немесе мамандардан көмек пен қолдау сұрау маңызды.

ТЕГи: Главное
Анара Бауыржанқызы 10.11.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • Алматы облысында үш судья жемқорлықпен ұсталды
  • Мәжілісмен БҰҰ сайтында Бишімбаевтың ісі туралы мақала жарияланғанын айтты
  • 18 жылдан бері із-түзсіз кеткен әйел интим қызмет көрсететін притоннан табылды
  • 2023 жыл адамзат тарихындағы ең ыстық жыл болды
  • «Ескірген үйін жөндеп, мүгедек ата-анасын асыраған: Хостелде мерт болғандар

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

Қоғам

Мәжілісмен БҰҰ сайтында Бишімбаевтың ісі туралы мақала жарияланғанын айтты

04.12.2023
Қоғам

2023 жыл адамзат тарихындағы ең ыстық жыл болды

04.12.2023
Қоғам

«Ескірген үйін жөндеп, мүгедек ата-анасын асыраған: Хостелде мерт болғандар

04.12.2023
Қоғам

Алматы хостеліндегі қайғылы оқиғадан кейін елдегі жатақханалар жаппай тексеріліп жатыр

04.12.2023

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?