Фото: ашық дереккөзден
Ресей президенті Владимир Путин «Вагнер ЖӘК» компаниясының негізін қалаушы Евгений Пригожиннің ұшағы апатында қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты, деп хабарлайды Азаттық рухы агенттігі.
Путин Пригожин мен оның серіктестерінің өлімі туралы сөз арасында айтып өтті. «Шынында да, егер олар сонда болса, бастапқы деректер «Вагнер» компаниясының қызметкерлері сонда болғанын көрсетіп отыр» деген ол вагнерліктердің еңбегі туралы айтты.
Кеше, менің білуімше, Пригожин Африкадан оралған, мұнда кейбір шенеунікпен кездескен.
Әлі күнге дейін Пригожиннің қайтыс болғаны туралы ресми ақпарат жарияланған жоқ.
Мен Пригожинді 90-жылдардың басынан бері білетінмін. Тағдыры қиын болған ол өмірде де өрескел қателіктер жіберді. Дегенмен өзім үшін немесе қоғам үшін өтініш жасағанымда, соңғы айлардағыдай, қажетті нәтижелерге де қол жеткізе алды. Талантты адам, талантты кәсіпкер болды,
деді Ресей президенті.
Еске салайық, Пригожинге тиесілі бизнес ұшағы 23 тамызда түнде Тверь облысындағы Куженкино ауылының маңында апатқа ұшыраған болатын. Росавиация көп ұзамай ұшақта Евгений Пригожин есімді жолаушы болғанын хабарлады. Сондай-ақ департаменттің хабарлауынша, жолаушылар арасында Дмитрий Уткин есімді адам («Вагнер» ЖӘК командирінің аты-жөні, әскери компания соның лақап есімімен аталған) болғанын атады.
Росавиация мәліметінше, ұшақта 10 адам – жеті жолаушы мен үш экипаж мүшесі болған. Олардың барлығы қаза тапты. Табылған сүйектердің кімге тиесілі екені әлі анықталған жоқ. БАҚ хабарлауынша, марқұмдардың денесі қатты зақымдалған және олардың кім екенін анықтау үшін генетикалық сараптама қажет болады. «Қаза тапқандардың биологиялық материалы Мәскеуге генетикалық сараптамаға жіберілді», — деп жазды Baza Telegram-арнасы.
Тергеу комитеті жол қозғалысы қауіпсіздігі және әуе көлігін пайдалану ережелерін бұзу (РФ Қылмыстық кодексінің 236-бабы) бойынша қылмыстық іс қозғады.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…