Египет билігі екі туристтің өлімінен соң Қызыл теңіздегі жағажайларды жабу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Reuters.
Мысырдағы Хургада курортында акуланың шабуылынан екінші туристтің қайтыс болғаны туралы белгілі болған соң, Қызыл теңіз провинциясының губернаторы генерал-майор Амр Ханафи аумақтың кейбір жағажайларын жабу туралы шешім қабылдады. Қоршаған орта министрлігінің мәлімдеуінше, болған оқиғаның себептерін анықтау мақсатында арнайы зерттеу комитеті құрылды.
Естеріңізге сала кетейік, 1 шілдеде Хургада курортында Австриялық турист акуладан зардап шекті. Құтқарушыларды көмекке шақырған қонақүй қонақтарының көзінше жыртқыш әйелдің қолы мен аяғын тістеп алған. Алайда, жәбірленуші ауруханаға түсіп, алған жарақаттан қайтыс болды.
Кейінірек дәл сол курорттық аймақта тағы бір әйел акула шабуылының құрбаны болғаны белгілі болды.