Астанадағы LRT құрылысына 50 миллиард теңге бөлінеді. Ол ақшаның бір бөлігіне вагон сатып алуға жұмсалады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев айтты.
LRT құрылысы аяқталады. Биыл да тиісті қаражат қарастырылған. Биыл қателеспесем, LRT құрылысын жалғастыруға 50 миллиард теңге бөлеміз. Бұл құрылысты қала әкімшілігімен талқыладық. Ең алдымен жұмыс әуежай жақтан басталады. Яғни, сонда жұмыс жалғасады. Ал қаражаттың бір бөлігі вагондарды сатып алу үшін алдын ала төлем жасауға жұмсалады,
деді Қарабаев Үкімет отырысы кулуарында.
Ол қаражат республикалық бюджет комиссиясы отырысында қарастырылғанын айтты. Оған ұоса ақшаның сәуірге таман әкімдікке аударылатынын хабарлады.