Үш айға жетер-жетпес уақыт ішінде Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі үш әлеуметтік дағдарыс тудырды. Белгілі қаржыгер Эльдар Шамсутдинов Қазақстанда тағы бір дағдарысты болжап отыр – ол тіпті келіп те қалды.
Өзінің телеграм-арнасында Шамсутдинов ипотекалық дағдарысты егжей-тегжейлі түсіндіріп берді:
Министрліктен келген үш проблема
«Үш айға жетер-жетпес уақыт ішінде Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі үш әлеуметтік дағдарыс тудырды;
— Екібастұз бен Риддер «қатып қалды»
— Жеңілдетілген автонесие үшін талас болды
— Жаңа проблемалық үлескерлер пайда болды
Бұл секторлардың үшеуі де (коммуналдық шаруашылық, машина құрастыру және құрылыс) ИИДМ-нің қызмет саласына кіретіні анық.
Екібастұздағы апатқа ел президенттің өзі барып, араласуға мәжбүр болды. Белгілі болғандай, коммуналды желілердің баяғыда тозығы жеткен болып шықты. Енді не істеу керегі – белгісіз.
«18 секундта несие алып үлгер» деген ойын салыстырмалы түрде тыныш өтті. Склярдың айтуынша, автонесие бағдарламасы жұмыс істеп тұрды, халық бұл тақырыпта қалжыңдап, сонымен қоя салды.
Қомақты қаражат
Үлескерлердің мәселесін тез арада шешу мүмкін болмады, себебі автонесиемен салыстырғанда бұл жерде адамдар алдын-ала қомақты сома беріп қойған. Алдын-ала төлем міндетті түрде қажет еді, өйткені 7-20-25 бойынша бекітілген пәтердің ең жоғары бағасы (25 млн) мен нарықтағы сатылатын бағасының (38 млн) айырмашылығы 10 миллионнан асады, және бұл соманы сатып алушы броньдау немесе үлестік қатысу туралы келісімшарт бойынша төлейді.
Екі құжаттың да заңды мәртебесі жоқ екенін ескере кеткен жөн, яғни дағдарыс жағдайында сіз ақшасыз қаласыз.
Менің сатып алушылардан қандай-да бір кепілсіз ақша жинайтын құрылыс салушы компаниялардың кесірінен туындап жатқан проблемалар жайлы жазғаныма бір жылдан асты, бірақ ИИДМ бұған құлақ асар емес. 7-20-25 арқылы ипотека алып үлгермей, өздерінің не баспанасыз, не ақшасыз қалатындарын түсінген үлескерлер топтасып, Ұлттық банктің алдына барып наразылықтарын білдіруде. Себебі бәріне кінәлі Ұлттық банк болып шықты. Ол ипотекалық бағдарламаның операторы болып табылатын Қазақстанның орнықтылық қоры (ҚОҚ) үшін ақша басып шығарғысы келмеді. 7-20-25, ҚОҚ-ның жұмыс істеу механизмін және Freedom Finance инфляциялық арнаның рөлін кейінірек талқылайтын боламыз.
«7-20-25» бағдарламасын жалғастырғысы келмегені үшін Ұлттық банкті кінәлаған ИИДМ үлестік құрылыс мәселесі үшін жауапкершілікті өз мойнынан біраз уақытқа алып тастады.
Бөліп ал да билей бер
Ұлттық банк үлескерлер дағдарысын реттеу үшін не істеп жатыр? Қоғамдық ортада екі тезис таралуда:
— ашкөз құрылыс компаниялары кінәлі, себебі олар бағаны шарықтатты
— үлескерлер аңғал ақымақтар сияқты өз ақшаларын құрылыс пирамидаларына салып жіберді
Ашкөз құрылысшылар туралы алғашқы тезис ұзақ уақыт бойы беделге қатысты проблемалары бар құрылыс компаниялары мен үлескерлердің қақтығысына әкеліп, сондай-ақ құрылысшыларды келіссөздер күшінен, кең аудиторияға жүгіну мүмкіндігінен айыруы мүмкін. Аңғал ақымақтар туралы екінші тезис халықтың көз алдында проблемалы үлескерлерді шеттетеді, “ қандай ақымақтар өз ақшаларын берген”, “өздері кінәлі” немесе “ақшасын қайда жіберерін білмеді ме” деп оларға халықтық қолдау көрсетпейді. Халық проблемалы үлескерлерді аңғал ақымақтар деп санайды және оларға қайғысына ортақтаса қоймайды.
Содан кейін
үлескерлерді шағын топтарға бөледі,
сіз несиені мамыр айында, ал сіз желтоқсан айында аласыз, немесе ипотеканы алғашқы 10 адамға құжаттардың толық пакетімен береміз және т.б. Мақсат – уақытпен бірге ыдырап кететін шағын топтарды құру.
Дағдарыс жақындады
Неліктен бұл әрекеттер жаман? Өкінішке қарай, жанжал күшейе түсті, егер сіз жәбірленушіні стигматизациялауды жалғастыра берсеңіз, бәріне үлескерлерді кінәласаңыз, онда әртүрлі жағдайлар, тіпті құрбандар да болуы мүмкін. Барлығын жоғалтқан адам көп нәрсеге баруға дайын. Естеріңізге сала кетейін, блогерлер қаржы пирамидаларына түскен адамдарды кінәлаған кезде, қайғылы оқиға орын алған еді, ол үшін бірде-бір блогер кешірім сұраған жоқ.
Не істеу керек еді? Өтініштер терезесін ашып, түсіндіру жұмыстарымен айналысатын және қолдау көрсететін адамдарды тағайындау қажет еді. Ешкім зардап шекпейтіндігі жайлы ақпаратты көпшілікке жариялау, мерзімдері жақындаған келісімшарттар бойынша – құрылыс салушылардан жанжал шешілгенге дейін уағда мерзімін ұзартуға қол жеткізу. Үйлердің құрылысы қай кезеңде екенін анықтау қажет еді. Егер проблемалық нысандар болса – құрылысты аяқтайтын құрылыс комиссиясын құру. Жанжал бір аптадан астам уақытқа созылғандығын ескерсек, мұның бәрі 2-3 күнді алар еді. Ұлттық банк тез шешім қабылдау мүмкіндігін жіберіп алғаны анық.
Үлескерлер не істеуі керек?
Сабырлы болыңыз, арандатушылыққа және ақпараттық шуға алаңдамаңыз. Сізді сұрақтар, арандатушылық хабарламалар және т.б. арқылы шаршататын болады. Мұндай әрекеттердің мақсаты – сіздің басыңызды айналдыру және әлсірету. Сіздің басты мақсатыңыз: ақшаңызды қайтару немесе баспана алу екенін есте ұстаған жөн. Қалғаны сізге қатысты емес.
Осы қиын жағдайға төтеп беруге күшіңіз жетеді деп үміттенемін.