Қарағандыда 146 және 41 нөмірлі екі маршрут автобусы соқтығысты. Оқиға орнынан түсірілген алғашқы кадрларға қарағанда апат көпірдің маңында болған.
Апат салдарынан жолаушыларсыз келе жатқан 41 маршруттың жүргізушісі қаза тапты. Көліктің алдыңғы жағы түгел мыжылғанын байқауға болады. Салон іші де қатты зақымданған.
Екінші автобустың жүргізушісі мен 15 жолаушы ауруханаға жатқызылды.