Биыл қазақстандықтар табыс декларация туралы заңның қалай жұмыс істейтінін көреді. Әрине, есеп беру әзірге барлығынан талап етілмейді, бұл тек жеке азаматтар тобына қатысты болады. Бұл жылы мемлекеттік және бюджеттік мекемелердің барлық қызметкерлері тексеріледі. Олардың ішінде мұғалімдер, дәрігерлер, техникалық қызметкерлер, IT-мамандар, тіпті арнайы ұйымдардың күзетшілеріне дейін бар. Мектеп және медициналық емханалар секілді жеке секторлар зардап шекпейді.
Кезең-кезеңімен
Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің (МКК) айтуынша, 2025 жылға қарай жалпыға бірдей декларациялау бірқатар өзекті мәселелерді шешеді: еліміздегі көлеңкелі экономиканы азайтады, мемлекеттік құрылымдағы сыбайлас жемқорлықпен күреседі, мемлекеттік қазынаға қосымша салық әкеледі, жалпы барлық қазақстандықтарға бюджетті дұрыс басқаруды үйретеді.
Мемлекеттік органдар төрт кезеңнен кейін осы аталған критерийлерге қол жеткізуді көздеп отыр.
Бірінші кезең 2021 жылдың қаңтарында басталды – ол кезде мемлекет қызметкерлері мен олардың туыстары есеп берген: әкімдер, шенеуніктер, мәжілісмендер. Олардың барлығы жарты миллионға жуық декларация тапсырды.
Айта кету керек, бұл тексеріс жемісті болды, оның нәтижесінде 11 мың шенеунік және олардың жұбайлары жеке табыс салығы бойынша 759 млрд теңге қарыз екендігі анықталды. Алайда, мемлекеттік кірістер басқарасы бұл ақпаратты жоққа шығаруға асықты: олардың айтуынша, құжаттар асығыс түрде толтырылып, қателіктер жіберілген, сол себепті осындай қомақты сома шығып тұр. Сондай-ақ басқармада қателіктерден абай болуға шақырды, өйткені олар банк шоттарының жабылуы ықпал етуі мүмкін.
Бәрін тінтиді
Декларацияның екінші кезеңі ағымдағы жылдың басында басталды. Қазір оны мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдардың (оның ішінде білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және т.б. салалар) қызметкерлері өткізуі тиіс. Бұған квазимемлекеттік сектор субъектілерінің негізгі және қатардағы өкілдері де қатысады.
Мысал ретінде «Самұрық-Қазына» қорына кіретін компанияларды айтуға болады («Қазақтелеком», «Қазақстан темір жолы» және олардың еншілес компаниялары). Сонымен қатар бұл тізімге түрлі РМК, КМК, РММ, ЖШС, АҚ, ұлттық холдингтер секілді мемлекетке қатысты атаулардың бәрі кіреді. Декларацияның сапалы жүргізілуі үшін қызметкерлердің жұбайлары да тексеріледі. Декларацияға олардың кішкентай балалары ғана қатыспайды.
Декларацияны өткізуге тиісті азаматтардың нақты саны әзірше белгісіз. Тек оңтүстік астананың өзінде олар 100 мыңнан асты.
Отбасылық мердігерлік
Үшінші кезең 2024 жылдың қаңтарында басталады. Бұл жолы кәсіпкерлер, заңгерлер және олардың жұбайлары тексеріске алынады. Декларация бойынша олар салықтық есеп бергеніне қарамастан, бұл жолы басқа жағынан тексерілетін болады. 250-нысан бойынша олар өз байлықтары туралы заңды тұлға емес, жеке тұлға ретінде есеп береді.
Жалпыға бірдей декларацияның төртінші, ең соңғы кезеңі 2025 жылдың қаңтарында басталады. Ол кезде республика бойынша қалған барлық азаматтар, тіпті қазақстан азаматтығын енді алатындар да тексеріледі. Тіпті, еншісінде мұра болуы мүмкін балалары да декларацияға қатысады.
Барымен базар…
Бастапқыда декларацияның алғашқы кезеңдерінде қазақстандықтар активтер мен міндеттемелер туралы нысанды толтырады (250-нысан). Бұл тек бір рет жасалуы тиіс. Әрі қарай, басқа – 270 нысан толтырылады: кіріс пен мүлік туралы.
Егер егжей-тегжейлі талдайтын болсақ, онда 250-ші нысан барлық жиналған қаражатты, міндеттемелерді және қолда бар, алайда әлі тіркеуден өтпеген мүлікті көрсету үшін қажет. Бұл Қазақстандағы және одан тыс жердегі жылжымалы әрі жылжымайтын объектілер болуы мүмкін. Тіркелген нәрсені көрсетудің қажеті жоқ: бұл ақпарат онсыз да белгілі.
Сонымен қатар, 250-нысанда тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тұрғын үйдегі үлесті және егер ол мемлекеттен тыс жерде құрылған болса, заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы үлесін жасырмай айтқан жөн. Оған бағалы қағаздар мен инвестициялық алтын да кіреді.
Ақшаға көбірек көңіл бөлген жөн. Қолма-қол ақша 10 000 АЕК аспайтын сомада декларацияланады. Бұл шетелдік банктердегі көлемі 1000 АЕК-тен асатын қаржыларға да қатысты.
Бір қызығы, 250-формадағы декларация тек қаржылық ресурстарға ғана емес, сонымен қатар меншік иесінің зияткерлік меншігіндегі нәрселерге де қатысты. Басқаша айтқанда, заң авторлық құқықты қорғайды.
Бізде бары байлық қана емес… Өзге мүліктерімен қатар азаматтар қарыздары туралы есеп беруге де міндетті. Мәселе банк қарыздары жайлы емес, тек нотариалды куәландырылған қарыздарға қатысты.
Сәйкестілікті тексеру
270-нысанда қазақстандықтар өздерінің бүкіл табысын көрсетеді, бұған ай сайынғы жалақы, ұтыстар, сыйлықтар, шәкіртақылар және таныстары мен туған-туыстарынан келген сыйлықтарға дейін кіреді. Адамға мемлекеттің төлейтіні – депозит бойынша сыйақы, атаулы көмек – бұл туралы айтудың қажеті жоқ.
Ең қызығы осы орайда басталады. Азамат 270-нысанды толтыра салысымен, оны міндетті түрде бастапқы кезеңде толтырылған 250-нысанмен салыстырады. Егер бастапқыда адамда ештеңе жоқ болып, ал қазір аяқ астынан Анталияда вилласы бар болып шыға келсе, бұл мүлікке қаншалықты заңды түрде қол жеткізгенін түсіндіріп, дәлелдеуге міндетті.
Артық шығын
Қаржы министрлігінің хабарлауынша, егер азамат бірінші декларацияны тапсыру мерзімін өткізіп алса, оған ескерту жасалады. Ал бір жыл ішінде заңбұзушылық қайталанған жағдайда оған 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.
Егер есеп толық болмаса немесе түсініксіз толтырылса, бастапқыда ескертумен шектеледі. Ал бір жыл ішінде бұл қателіктер түзелмесе, онда 3 АЕК мөлшерінде айыппұл арқалайды.
Қазақстандықтар салық салу объектілерін жасырған жағдайда, салық сомасының 200% мөлшерінде айыппұл төлейді. Жалпыға бірдей декларацияны тапсырудың бастапқы кезеңдерінде қазақстандықтар көптеген қателіктер жіберетіні анық. Тіпті осыған дейін ешқандай қаржы мәселелерімен айналыспаған адамдың өзіне қағаздармен біраз жүгіруге тура келеді. Нысандарды дұрыс толтыру үшін қаражат жұмсап, білікті кеңесшілердің көмегіне жүгінген дұрыс болатын сияқты. Бұл азаматтардың наразылығын тудыруы мүмкін, себебі кішігірім табысқа ие азаматтардың өзі есеп беруге міндетті. Онсыз аз табыстарын айыппұл төлеуге жұмсағылары келмейтіні сөзсіз.