Елдегі 500 мыңға жуық студенттің несиесі бар. Оның 47 мыңы – проблемалық несие.
Оқуын бітірмей жатып, қарызға батқан жастардың санын азайту үшін оларға несие беру тәртібі өзгермек.
Жастарға несие берудің динамикасын қарасақ, проблемалық қарыздардың үлесі артып келеді. Қазір 11%-ға дейін жетті. Сол себепті енді жастар үшін несиелерді ресми түрде тіркелген табыстары, кірістері болса, тек қана сол кезде қаржы ұйымдары береді. Бұл 18-21 жас арасындағы азаматтарға арналған,
деді Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова.
Кей банк 18 жасқа толғандарға жұмысы жоқ болса да тұтынушылық несие беріп келген.