Тағы 50 адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген.
Таиландтағы түнгі клубтардың бірінде болған ірі өрт салдарынан 13 адам қаза тапты, деп хабарлайды РИА Новости. «Саванг Рочана» еріктілер құтқару ұйымының мәліметінше Саттахип қаласындағы Mountain B түнгі клубында болған өрттен зардап шеккендердің саны 40 адамға жетті.
Құтқарушылардың айтуынша 14 адам ауыр күйікке шалынып, 26 адам орта және жеңіл жарақатпен ауруханаға жеткізілген.
Ауыр жарақат алғандардың арасында екі шетелдік – 26 жастағы Лаос азаматы мен 24 жастағы вьетнамдық турист бар. Қалғандары Тайланд азаматтары.
«Тхаи Рат» газетінің мәліметінше, Mountain B түнгі клубы жақында ғана ашылған. Куәгерлер диджей стендінің жанында екі шағын жарылыстың болғанын айтқан. От бірден дыбыс өткізбейтін материалға ауысып, ғимарат толық өртке оранып кеткен. Өрттің қатты және жылдам болғаны сонша, би алаңындағы адамдар есінен танып, шығатын есікке бірден жете алмапты.
Қаза тапқандар 17 және 49 жас аралығындағы азаматтар, тоғыз ер адам мен төрт әйел.