Талдықорған қалалық полиция басқармасының бастығы Марат Күштібаев уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, деп хабарлады Жетісу облыстық полиция департаменті Instagram-дағы ресми парақшасында.
Ведомство өкілдерінің мәліметінше, Талдықорған қалалық полиция басқармасының бастығы облыс орталығының 27 жастағы тұрғынын зорлады деген күдікке ілінген.
Қылмыстық кодекстің 120-бабы 2-бөлігі (Қызметтік міндеттерін орындау кезінде жасаған зорлау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Барлық мән-жай қажетті сараптамалар тағайындалған соң сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында зерделенеді,
делінген хабарда.
Облыстық ПД қылмыстық істі тергеу ІІМ-нің ерекше бақылауына алынғанын мәлім етті.