11 маусымда Қаратал өзенінің маңынан Талдықорған қаласының білім бөлімінің бұрынғы басшысы Роза Барманованың денесі табылды.
Жетісу облысы полиция департаментінің хабарлауынша, әйелдің денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Бұл факт қалалық полицияда ресми түрде тіркелді.
Сот-медициналық сараптама тағайындалды, өлімнің себебін анықтауы керек,
делінген ведомствоның хабарламасында.
Роза Барманова 2016 жылдан 2022 жылға дейін қалалық білім бөлімін басқарды.
Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың сәуір айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Талдықорған қаласының білім бөлімінің қызметкерлерін ұстағаны белгілі болды. Олар бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде ұрлады деп күдікке ілінген еді.