Полицияның мәліметінше, астаналық рэпер мен продюсер есірткіні заңсыз интернет-дүкеннің мүддесі үшін таратқан.
Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері тыйым салынған заттарды таратқан деген күдікпен музыкант пен продюсерді ұстады. Тергеу нұсқасы бойынша, ұсталғандар Павлодарда қашықтан есірткі сатпақ болған.
Жедел іздестіру шаралары барысында 28 жастағы рэпер ұсталды, оның тұрғылықты жерін тінту кезінде бір орама каннабис пен ұялы телефон табылды.
27 жастағы азаматқа тиесілі дыбыс жазу студиясын тінту кезінде өсімдік тектес есірткі заттары, тауарды орауға арналған электронды таразылар мен ноутбук табылды.