Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Қоғам > Танымал заңгер атышулы Қуандық Бишімбаевты қандай жаза күтіп тұрғанын айтты
Қоғам

Танымал заңгер атышулы Қуандық Бишімбаевты қандай жаза күтіп тұрғанын айтты

Анара Бауыржанқызы
Анара Бауыржанқызы 15.11.2023
Обновлено 15.11.2023 в 03:11
Поделиться
Поделиться

Соңғы күндері қазнетте «әйелін ұрып өлтірді» деп күдікке ілінген бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаев туралы адам шошырлық ақпарат сәт сайын қызу талқыланып жатыр. Атышулы оқиғадан кейін екі ай мерзімге қамауға алынған экс-шенеуніктің ісіне қатысты отандық заңгерлер де түрлі пікір білдіруде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат порталы.

Әлеуметтік желідегі жұрттың жағасын ұстатқан жаңалық 2023 жылдың 9 қараша күні тарады. Кейін күдікті Бишімбаевтың ұсталғаны жайлы да БАҚ беттерінде жарыса жазды. Жантүршігерлік оқиға Астанадағы мейрамханалардың бірінде болған. Ерлі-зайыпты арасында ұрыс-керіс туындап, сәлден соң 1992 жылы туған әйелдің өлімімен аяқталған. Аталған ақпаратты әуелі елордалық полиция департаменті растаған еді. Бүгінде қылмыстық іс тіркелді. Ендігі қадам қандай болмақ? Атышулы оқиғаға қатысты танымал заңгер әрі адвокат Тілеужан Кішкенебаев пікір білдірді. 

 Қайтыс болған адамның неден қайтыс болғанын анықтайды. Ол үшін бірнеше сараптама тағайындалады, яғни ол сараптама адамды немен өлтірді, қолмен ұрып өлтірді ме, басқа нәрсемен өлтірді ме немесе у беріп өлтірді ме деген сияқты нақты сараптама тағайындалады. Мүмкін, адам ұрған кезде сүрініп кетіп барып құлап, қарақұсымен құлауы да мүмкін. Солай да өліп кетуі мүмкін немесе ұрған соққысы жанды жеріне тиіп кетті ме, соның барлығын сарапшы өзінің қорытындысында көрсетеді. Сол қорытындыға сүйене отырып қана оған жаза, айып тағылады. Айып тағылғаннан кейін іс сотқа жолданады. Сот сол айыпқа қарай сол бапта көрсетілген жазаларды қарастырады. Одан кейін оның жәбірленуші деп танылатын туысы деген болады. Мысалы, марқұмның бауырлары, әке-шешесі, інілері жәбірленуші деп танылады. Олардың ары қарай бұл сотталушыға кешірім бере ме, бермей ме – осылардың барлығы сот кезінде ескеріледі. Содан кейін сот жаза тағайындайды. Мүмкін кешіретін болса сот жазасын жеңілдетеді деген сияқты… Жоқ, оны бас бостандығынан айыруды қатаң жазада талап ететін болса, сот жәбірленушілердің пікірін ескере отырып жаза тағайындайды,

дейді Тілеужан Кішкенебаев.

«Әйелін ұрып өлтірді» деп күдікке ілінген Қуандық Бишімбаевтың кінәсі толық мойындалса, ол қанша жыл жаза арқалайды? Заңгер өз болжамын ашық айтты. 

«Адамды қасақана өлтіру немесе абайсыздар өлтіру» деген бар. Оның барлығы сараптаманың қорытындысына сүйенеді. Егер де ҚР Қылмыстық кодекстің 99-бабы, яғни «Адам өлтіру» дейді. Сол баптың 1-бөлігімен сараланса, ол жерде сегіз жылдан он бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр. Ал егер денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру арқылы адам қайтыс болса, ол ҚР Қылмыстық кодекстің 106 бабының 3-бөлігімен саралануға жатады. Ол жерде сегіз жылдан он екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы күтілуде. Егер айыпты солай тағатын болса…,  

дейді танымал заңгер.
Анара Бауыржанқызы 15.11.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
МаңыздыҚоғам

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

04.09.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?