«Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ басшысының орман қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор ретінде ағасын заңсыз жұмысқа алған.
Абай облысының прокуратурасының мәліметінше, ол 4 жыл бойы функционалдық міндеттерін нақты орындамай-ақ жалақы алып келген.
Прокуратураның қадағалау актісі негізінде «Тарбағатай» МҰТП» РММ талабы бойынша сот шешімімен 5,5 млн теңге көлемінде заңсыз алынған жалақы өндірілді,
делінген мәліметте.
Бүгінгі күні сот шешімі заңды күшіне еніп, заңсыз төленген сома мемлекет кірісіне өндірілді.