Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің Facebook-тегі ресми парақшасында жарияланды.
Тасқын су салдарынан баспанасыз қалған педагогтер биыл аттестациядан өтпейді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Төтенше жағдай жарияланған өңірдің педагогтері аттестаттаудан Оқу-ағарту министрлігі белгілеген жекелеген мерзімдерде өтеді. Тасқын су салдарынан баспанасыз қалған педагогтер үшін аттестаттаудан өту келесі жылға ауыстырылады,
делінген министрлік хабарламасында.