Ташкент әуежайындағы кедендік қоймада алапат жарылыс болды. Салдарынан көпқабатты үйлердің терезі мен есіктері қирады. Бұл туралы Gazeta.uz басылымы хабарлайды.
Жарылыстан радиусы 30 шақырымда орналасқан үйлерге де зақым келген.
Зардап шеккендер саны әзірге белгісіз, бірақ оқиға орнында ондаған жедел жәрдем көлігі тұр. Өрт сөндіріліп жатыр.
Өзбекстан төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше төтенше жағдай 28 қыркүйекте 2:43-те болған. Жарылыс дауысы бірнеше шақырымға дейін естілген. Ал от жалыны өзге аудандардан да көрініп тұр.
Әуежайға 16 өрт сөндіру-құтқару бригадасы жіберіліпті. Сондай-ақ ведомство өкілдері ұшақ құлағаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.
Uzbekistan Airports компаниясы жарылыстың әуежай жұмысына кедергі келтірмегенін хабарлады.