Жазушы, драматург, халықаралық “Алаш” әдеби сыйлығының иегері Софы Сматаев Алматы әкімі Ерболат Досаевқа ренішін білдірді, деп жазды Qaz365kz.
Оның айтуынша, әкімнен 1,5 жылда 6 рет қабылдауын сұраған. Бірақ Досаев уәде бергенімен, қабылдамаған көрінеді.
Сондай-ақ жазушы мегаполистің бұрынғы әкімдері өздері іздеп келіп, жағдайын біліп жүргенін жеткізді. Досаев енді қабылдамаса, мүлдем келмейтінін айтты.
Мен ертең 82-ге толамын. Мен 1941 жылы 22 маусымда, соғыс басталғанда туылғанмын. Мені Заманбек Нұрқаділов, Вячеслав Храпунов, Имашжан Тасмағамбетов, Сағынтаевтар өздері үйіме іздеп келіп, жағдайымды біліп тұратын. Ал сіз 1,5 жыл бойы құр уәдемен мұрнымнан сүйретіп келесіз. Сізге жетінші рет келіп тұрмын. Бұдан кейін ат басындай алтын берсеңіз де, бармаймын. Мені қашан қабылдап аласыз?
деді жазушы.
Мегаполис басшысы өз кезегінде жазушыны 10 шілдеге дейін қабылдауға уәде берді.