Әлемдік БАҚ не жазып жатыр?
Тұтынушылар есебінен…
The Wall Street Journal ірі брендтер тұтынушылар есебінен инфляцияға табысты қарсы тұра алып жатқанын хабарлады.
Coca-Cola сусынын, Dove сусабынын, Huggies жөргегін және биг-макты өндірушілер бағаны көтеріп жатыр. Өйткені олардың өнімді ораудан бастап жалақыға дейінгі барлық шығыны артып жатыр. Сейсенбі күні жаһандық бренд жетекшілері әзірше бұл шығынды тұтынушыларға аударатынын мәлімдеді. Олардың айтуынша, инфляция үй шаруашылығына әсер етіп жатқанына қарамастан, адамдар олардың өнімін сатып алып жатыр.
Өкінішке қарай, баға төмендейді деп үміттенетіндерге белгілі бір уақыт күту керек. Сатылым деңгейі түсе бастамайынша, біз өнім бағасын көтеруге мәжбүрміз,
деп айтылды ірі өндірушілердің бірлескен кеңесінде.
Джо Байден мен Си Цзиньпиннің біртүрлі әңгімесі
Вloomberg Джо Байден мен Си Цзиньпиннің ертеңге жоспарланған әңгімесі жақсы кезеңдерде болмай тұрғанын жазады.
Осы жағдайды білетін адамдар АҚШ президенті қытай көшбасшысымен кейбір қытай тауарына төленетін баж салығын арзандатып, қытай өндірушілері Америка нарығына шығаратын тауар бағасын түсіруді келіспекші дейді.
Дегенмен наурыздан бергі енді болайын деп жатқан екі ел президенттерінің әңнгімесі Америка-Қытай қатынасының аса күрделі сәтіне тап келіп отыр.
АҚШ-тың ресми тұлғалары Үндістан-Тынық мұхит аймақтарындағы елдермен белсенді жұмыс істеп жатыр. Оған негіз болып отырғаны — Қытайдың Тайваньға басып кіруге дайындалып жатқаны және әлемнің қауіпсіздігіне қауіп төндірмекші екені. Сондықтан осы аймақтағы елдер жеріне америкалық әскер базасын орналастыру керек. Бұл база елдің тәуелсіздігі мен аймақтағы тұрақтылық кепілі болады.
Оған қоса, Сенатта АҚШ Қытайға дереу санкция салу мәселесін көтерді. Өйткені Қытай Ресей мұнайын әлі сатып алып отыр, солайша Ресейдің Украинаға соғысын қаржыландыруға мүмкіндік беріп жатыр. Бұл ретте сенаторлар Қытай батыс санкцияларына қосылмаса, Ресеймен бірге оны әлемнен аластатылған ел ету керек деп батырып айтты.
Жаңа Зеландия — темекіге қарсылардың арманы
The Guardian Жаңа Зеландиядағы темекіге қарсылық эксперименті немен бітуі мүмкін екенін қарастырды. Бұл ел темекіге қарсы әлемде бірінші болып аса қатаң және бірмағыналы емес заң қабылдады.
Жаңа Зеландия шылымның не екенін білмейтін ұрпақ өсіруге ниетті. Бұл үшін шылымды заңды түрде сатып алуға болатын жас үлкейе береді. Үкімет есебінше, 2030 жылға қарай темекі сатып алуға болатын жас 22 жастан кем болмайды, ал 2071 жылға қарай 61 жас болады. Заң бұзған сатушылар мен сатып алушылар түрмеге тоғытылады.
Шылым құрамындағы рұқсат етілген никотин мөлшерін төмендету шараларымен қоса, сату пункттерін бірден шектеу шаралары бар. Тек арнайы темекі дүкендері шектеулі мөлшерде және тек елді мекендердің шетінде сата алады.
Заңды сынаушылар никотиннің азаюы халықтың ең осал тобы қалтасын қағатынын, олар темекіні көбірек сатып алуға мәжбүр болатынын, ал жас мөлшерін дұрыс көтермеу және сауда нүктелерін шектеу контрабанданың артуына себеп болатынын ескертеді. Атап айтқанда, «жасылдар» фракциясы бұған дейін қабылданған темекіге қарсы шаралардың елде қандай зардаптар әкелгенін еске салды.
Дәлелдер Жаңа Зеландияға контрабандалық жолмен әкелінетін темекі өнімдерінің саны кейінгі жылдары айтарлықтай өскенін және ұйымдасқан қылмыстық топтардың ірі көлемдегі контрабандамен айналысатынын көрсетеді,
делінген фракция хабарламасында.
Федералдық резервтік жүйе Қытаймен байланысады деп айыпталды
Fox news АҚШ Сенатының Федералдық резервтік жүйеге (ФРЖ) шабуыл жасағаны туралы жазады. Сенат реттушіні Бейжіңмен серіктес болғаны үшін және америкалық ақша-кредит саясатын бүлдіргені үшін айыптады.
Сейсенбі күні ішкі қауіпсіздік және үкімет жұмысы жөніндегі сенат комитеті жариялаған есеп бойынша, ФРЖ қызметкерлері, кем дегенде, 2013 жылдан бері Қытайдың Халық банкімен, қытай академиялық ұйымдарымен және Синьхуа мемлекеттік ақпарат агенттігімен «тығыз байланыста» болған.
«Қытай азаматтарымен тұрақты байланысқан» бір қызметкер «Федералдық резервтік жүйедегі үлкен дерек көлемін сыртқы сайтқа аударып» бермекші болған. Тағы бір қызметкер Қытайдың орталық банкімен байланысатын қытай университетіне «модельдеу кодын» берген.
Сенат баяндамасында Федералдық резервтік жүйенің Қытайдың «ұзақ әрі арсыз» әрекетіне қарсы тұра алмауы ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіретіні айтылады.
ФРЖ басшысы баяндаманы «лас өсек-аяң» деп айтты:
Біз дереккөз кім екеніне қарамастан, кез-келген негізі бар құқық бұзушылыққа мазасызданамыз. Ал қазір баяндамадағы нақты жеке қызметкерлер туралы сөздерді әділетсіз, негізсіз және тексерілмеген өсек-аяң деп есептеп, аса қатты абыржып отырмыз,
прокомментировал Пауэлл.
Дегенмен сенат есебі басқа барлау және құқық қорғау органдарының Қытайдың АҚШ мекемелеріне араласуына қатысты алаңдаушылық білдірген кезде жарияланды, деп жазады басылым.
Қытай үкіметі сіздердің салаларыңызды істетіп отырған технологияларды ұрлап алмақшы. Солайша, оны сіздердің бизнесіңізді жойып, біздің нарыққа үстемдік етпекші. Олар мұны істеу үшін өзіндегі бар құралды пайдаланады,
деп мәлімдеді ФРЖ директоры Кристофер Рэй өткен айда.
Еуропа келісімге келді
New York Times «Путиннің энергияға қатысты бопсалауына» тап болған Еуропа Ресей газын пайдалануды қысқартуға келісті. Еуропалық одақ құрамындағы бірнеше елдің Реей газына ішінара тәуелді емес екеніне қарамастан, блок бүкіл Еуропаға ортақ қоймалардағы жеке қор жасауға келісті.
Бұл ретте осындай қоры бар елдер «Ресей газды толық үзіп тастағанда ғана қор жасаймыз» деген шарт қойды.