Актриса, продюсер Әсел Сәдуақасова жеке өміріндегі құпиясымен бөлісетін уақыт келгенін айтты. Сүйіктісімен түскен суреттері мен видеоларын әлеуметтік желідегі парақшасына жүктеп, барлық шындықты жайып салды.
Ол бірнеше жылдан бері өзін іздеп жүрген еді. Әрдайым жанына бірнәрсе жетіспейтінін, жүрегі тынышсыз екенін айтып, шет елге кеткен. Өзін танып, ішкі дүниесімен арпалысып жүрді. Сондай күндердің бірінде өмірлік махаббатын жолықтырды.
Махаббатсыз өмір бос
Шынайы махаббатты тани алмай жүріп, қолын бір сілтеген уақытта махаббаты алдынан шыққанын енді жасырмайды.
Танысып қойыңыздар, менің сүйіктім — Мағжан. Оның жанында өзімді жақсы және жайлы сезінемін, көңіл-күйім көтеріліп-түспейді, алаңдамаймын, тек күліп, жан-тәнімізбен әңгіме айтамыз. (…) Мен қазір өте бақыттымын және мен бұл бақытты бүкіл әлемге сыйлағым келеді.

Әсель Сәдуақасованың таңдауы — Мағжан Тілеуханов болып шықты, ол актрисадан 7 жас кіші. Мағжан Тілеухановтың өзі маркетолог, блогер Арман Юсуповқа тиесілі «Поток» жобасының негізін қалаушы.