Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
Қазақстан Ресейге тауар реэкспортын бақылауды күшейтеді
24.03.2023
Астанада 5 жасар қыз зорланды
24.03.2023
Болат Назарбаевтың бұрынғы әйелі өзбек кәсіпкеріне тиіп алды
24.03.2023
Алматыда ішек обыры дертінің өлімі көбейді – онколог
24.03.2023
Президенттің отбасы мүшелеріне орын жоқ: Ұлттық пантеонда кімдер жерленеді
24.03.2023
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Теңге бағамы > Теңге бойынша мөлшерлеме неліктен 16%-ға көтерілді — экономист түсіндірді
Теңге бағамыЭкономика

Теңге бойынша мөлшерлеме неліктен 16%-ға көтерілді — экономист түсіндірді

Анара Бауыржанқызы
Анара Бауыржанқызы 01.11.2022
Обновлено 01.11.2022 в 04:11
Поделиться
Поделиться

Ұлттық банк теңге бойынша базалық мөлшерлемені 16%-ға дейін көтерді. Неліктен? Бұл көп пе, әлде аз ба? Бұл сұраққа экономист Алмас Чукин жауап берді.

Мазмұны
Бірінші кезекте бизнесмендер зардап шегедіБізде екі экономика жоқНәтижесі алдағы жарты жылда байқаладыНақты жауап жоқ

Бірінші кезекте бизнесмендер зардап шегеді

Экономистің айтуынша, елдегі инфляция шілдеде аздап баяулады, бірақ тамыздан бастап қайтадан қарқын ала бастады. Және қорқынышты қарқынмен. Бұдан кейін ол 9 айда инфляция 17% болғанын және қалай өрбігенін көрсетті:

  • азық-түлік тауарлары бойынша — 22.2%,
  • азық-түлік емес тауарлар бойынша — 17%,
  • қызметтер бойынша — 12.3%.
  • жалға алу — 13%,
  • білім беру қызметтері — 20%-дан астам.

Егер бағаның өсу қарқыны жылдың соңына дейін созылса, жылдық инфляция 26% құрайды!

Алмас Чукин

Ұлттық банк саясатының сыншылары несие бойынша жоғары пайыздық мөлшерлемелер нақты экономикаға кері әсер етеді дейді. Шынында да, егер Ұлттық Банктің ең төменгі мөлшерлемесі 16% болса, коммерциялық банктер осы төменгі деңгейге өз маржасы мен тәуекелдер қорын қосады және клиентке 21-22%-бен береді. Бұл өте көп және бұл бизнес үшін өте ащы дәрі. Бірақ 20%-дан асқан инфляция да бизнес үшін сыйлық емес — жеткізілім қымбаттайды, қымбат тауарлар сатылмайды, қызметкерлер жалақы көтеруді талап етеді және т.б.

Бізде екі экономика жоқ

Чукин өзге де экономист әріптестерінің пікірін келтірді. Олардың айтуынша, пайыздық арна «өлуге» жақын, яғни Ұлттық Банк мөлшерлемесінің несие беруге, демек инфляцияға әсері жоқ. Басқалары ҰБ-ны, керісінше, бастапқы кезеңде инфляцияны тежеу үшін қатаң шаралар қабылдауды кешіктіргені үшін сынайды.

Қайсысы шындыққа жақын екенін біз ешқашан білме алмаймыз, өйткені біздің экономикамыз — бұл біздің іс-әрекетіміздің нәтижесі. Біз биологтар сияқты екі қоянды алып, біреуіне бір дәрі, екіншісіне басқа дәрі беріп, нәтижесін салыстыра алмаймыз. Бізде екі экономика жоқ.

Егер біз ставканы көтерген болсақ, онда басқаша қалай боларын біз ешқашан білмейміз. Өзгеріс болары анық, өйткені мөлшерлеме жұмыс істейді және экономикаға қатысушылардың мінез-құлқы өзгереді.

Сондықтан бір өте маңызды жағдайды есте ұстаған жөн. Инфляция — бұл жағдай емес, процесс. Жексенбіде инфляция жоқ деп айтуға болады, өйткені ешкім жұмыс істемейді және бағаны көтермейді. Кешегі инфляция да жоқ. Баға белгісінде тұрған инфляция — бұл инфляция емес, ол тауардағы санға еніп, базаға айналды. Егер ертең баға осы өнімге көтерілсе, онда біз кешегі баға мен бүгінгі баға арасында айырмашылықты көріп, бұл инфляция екенін айтамыз. Инфляция — бір затқа көбірек ақша төлейтініңізді белгісі, тек кезең ғана өзгереді, қаңтарда бір баға, ал мамырда басқа, тамызда үшінші баға.

Көптеген адамдар түсінбейтін бір нәрсе – Ұлттық Банк ақшаның бағасын (базалық мөлшерлемені) белгілеп, әрқашан алға «атады» және ешқашан артқа «атпайды». Инфляциялық таргеттеу саясаты тұрғысынан біз бүгін, 2022 жылғы 1 қарашада қандай инфляция жинағанымыз маңызды емес. Таргеттеу сөзі маңызды, ол аудармада «мақсат қою» дегенді білдіреді және мақсат әрдайым алда.

Экономист сөзін айқындау үшін мәселені танымал Angry Birds ойынымен салыстырып көруді ұсынды.

Ойында сіз допты доғал қисық бойымен нысанға жібересіз. Сізге дәлдеу бұрышы мен рогатканың керілуін таңдау керек, содан кейін доп алға — жоғары ұшады, содан кейін нысанаға қарай баяулайды. Ставка шамамен осылай әрекет етеді.

дейді Чукин.

Нәтижесі алдағы жарты жылда байқалады

Алмас Чукиннің айтуынша, ҰБ мөлшерлемесі экономикалық даму шарттарын бірден өзгертпейді. Банктердің несиелерінің басым көпшілігі ескі ставкалар бойынша берілген, депозиттер ескі ставкалар бойынша төленеді, банктерде оларды бірден ҰБ-ға жоғары пайызбен аудару үшін бос ақша көп емес. Бірақ компас бұрыла бастайды және 2-3-6 айдан кейін нәтиже барлық жерде байқалады.

Ипотека алғысы келетіндер ендігі ала алмайды, себебі мөлшерлеме өседі. Көлік те қолжетімді емес. Екінші жағынан, инфляция салдарынан ақша құнының 20%-ын жоғалтқан адамдар өз ақшаларын қандай да бір жолмен құнсызданудан сақтап қалу үшін өз жинақтарын депозиттерге салады.

Сонымен, ойынға оралайық. 16% мөлшерлеме елдегі несиелік жалынды «салқындатып», сұраныс пен ұсынысты тепе-теңдікке жеткізуі тиіс. Оның әрекеті алдағы айларда көріне бастайды және сұрақ — 16% көп пе, әлде аз ба? Инфляция қисығы қайда ұшады, әткеншек қалай тербеледі?

деп сұрақ қойғанымен, мұның жауабы жоқ екенін айтады.

Бүгінгі күні, қатты айтқанда, мұндай арифметикалық деңгейді ынталандырушы ставка деп атауға болады. 17% инфляция кезінде 16% — бұл минус бір. Нақты мөлшерлеме — 1% құрайды. Қарапайым тілмен айтқанда, қарыз алушы егер жыл басында 16%-бен несие алып, тауарлар сатып алған болса, жыл соңына қарай бұл тауарды 17%-ға қымбатқа сата алады, ақшаны банкке қайтарып, 1% пайданы қалтасына салады. Әдеттегі ереже бойынша, мөлшерлеме инфляция деңгейінен 1.5-2% жоғары болуы керек.

Нақты жауап жоқ

Бірақ осы жерде логикалық экономикалық «қайшылықтар» басталады, өйткені 17% — бұл инфляцияның бұрыннан қалыптасқан «өткен» мәні, ал 16% — бұл болашаққа ставка. Ал ертең инфляция 5%-ға дейін құлдыраса ше? 16 минус 5 бізге нақты 11% мөлшерлеме береді. Бұл «шектеу» ставкасы, шектеу болғанда қандай.

Біз болашақ инфляция туралы болжам жасаймыз, бүгінгі трендті ертеңге экстраполяциялаймыз. Бұл өте қарапайым. Бағалар 6 ай қатарынан айына 1%-ға өсті делік. Қарапайым қосу арқылы біз маусым айының соңында жарты жыл ішінде 6% инфляцияға ие боламыз. Толық бір жылға инфляция қандай болады? Талдау арқылы біз 12% болады деп санаймыз. Ал егер кенеттен инфляция шілдеде тоқтап, жыл соңына дейін нөл болса ше? Олай болса бір жылда 6% шығады. Сонымен, немен күресу керек және қай деңгейге дәлдеу қажет? 6 немесе 12?

Міне, қазір бізде 9 айда бір жылдық жоспар орындалды — 17%. Егер біз бұл қарқынды алып, 1 қаңтарға дейін айналдырсақ, онда біз 27%-ға шығамыз. 27 болады ма, жоқ па? Ешкім білмейді. 17%-ға қарсы 16% таблеткасы әлі ештеңе емес сияқты, бірақ 27%-ға қарсы — жеткіліксіз болады.

Ал Ресейде кеше Орталық банк ставканы 7.5% деңгейінде қалдырды. Бұл нені білдіреді? Менің ойымша, бұл ставканы көтеруді білдіреді. Олардың инфляциясы біздікінен әлдеқайда төмен және сұраныс аз болғандықтан төмендейді. Барлығы күткендей ставканы төмендету керек еді. Алайда, Набиуллина ставканы өзгеріссіз қалдырды. Нақты экономикалық мағынада олардың 7.5%-ы біздің 16%-дан көп.

ТЕГи: Главное
Анара Бауыржанқызы 01.11.2022
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • Қазақстан Ресейге тауар реэкспортын бақылауды күшейтеді
  • Астанада 5 жасар қыз зорланды
  • Болат Назарбаевтың бұрынғы әйелі өзбек кәсіпкеріне тиіп алды
  • Алматыда ішек обыры дертінің өлімі көбейді – онколог
  • Президенттің отбасы мүшелеріне орын жоқ: Ұлттық пантеонда кімдер жерленеді

Недавние комментарии

  1. Tem к 1 сәуірден бастап Ресей билігі 400 мың адамды әскерге шақырмақ
  2. Tem к Алматылықтар «Пинта» барларына бойкот жариялады
  3. Tem к «Сүйіп қалсам да, тұрмаймын»: Анар Батырхан ауыл жігітіне тұрмысқа шықпайтынын айтты
  4. Tem к Бұл – Ресей. Берген «шубаны» 5 минуттан соң шешіп алды
  5. Tem к Арестович: Екінші Дүниежүзілік соғыста қазақтар — ең үздік әскери күш болды

Вам также может понравиться

Экономика

Қазақстан Ресейге тауар реэкспортын бақылауды күшейтеді

24.03.2023
Шетел басылымына шолу

Молдова тілі енді жоқ. Неліктен Молдова өз тілін румын тілі деп өзгертті

24.03.2023
Денсаулық

Ораза және эпилепсияға қарсы терапия: дәрігер кеңесі

24.03.2023
Әлеуметтік желіге шолу

Қазақтардың Наурыздағы тамаққа таласы талқыға түсті

24.03.2023

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?